Алматы облысы прокуратурасындағы тағайындау

30 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бұйрығымен Сыбанқұлов Ержан Мұхаметқалиұлы Алматы облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Сыбанқұлов Е.М. 1974 жылы туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Алматы қаласының Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Қызмет барысында Қостанай облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, аға прокуроры, Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары, Павлодар облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, Павлодар облысы Ақтоғай және Баянауыл аудандарының прокуроры, Алматы облысы Текелі қаласының прокуроры, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясы ректорының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілімі 21 жылдан астам. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Алматы облысы прокуратурасындағы тағайындау - 1129237231

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу