Алматы облысы прокуратурасында жер қойнауын тиімді пайдалану сұрақтары қаралды

12 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы облысы прокуратурасында жер қойнауын тиімді пайдалану сұрақтары қаралды - 1662096690

Соңғы үш жылдағы жер қойнауын заңсыз пайдалану сұрақтары  Алматы облысы прокуратурасының жанындағы Үйлестіру кеңесінде талқыланды.

Прокурорлық тексеру әкімдік, экология Департаменті, «Оңтүстікқазжерқойнауы» РММ, ІІД мен МКД арасында жер қойнауын қорғауда жүйелі жұмыстың жоқтығын көрсетті.

Мемлекеттің жер қойнауына меншік құқығына қол сұғу бойынша 49 бұзушылық және 26 жерді бүлдіру дерегі анықталды, 75 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бұрын, облыстық көлік инспекциясы 748 жүк автомашиналарын кеңтараған табиғи қазбаларды заңсыз тасымалдағаны үшін ұстағаны туралы айтқан болатын.

Алайда, прокуратура бұл сандар нақты статистикадан алыс екенін атап өтті.

Атап айтқанда, тек екі аптада ішінде қадағаланудағы аумақтарды аралау барысында 10 млн.теңгеден астам нұқсан келтірген 20-дан астам заңсыз жер қойнауын пайдалану деректері тіркелді.

Мысалы, Қаратал өзенінде 10-нан аса заңсыз құм алу деректері әшкереленді.

Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды.

Сонымен қатар, өндірістік мастабтағы жер қойнауын заңсыз пайдалану деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастау мақсатында залалдың нақты сомасы есептелуде.   

Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижесінде облыс әкімдігіне, экология Департаментіне, ішкі істер Департаментіне, өзге мүдделі органдар мен ұйыдарға  өзара бірлескен іс қимылдарын тиісті деңгейде жүргізу, заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша ұсынымдар әзірленді.

 

 

Алматы облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу