Алматы облысы прокуратурасында студенттерге арналған ашық есіктер күні өткізілді

10 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Алматы облысы прокуратурасында Талдықорған қаласының Заң колледжі студенттеріне арналған ашық есіктер күні өткізілді.

         Іс-шара барысында студенттерге облыс прокуратурасының мұражайы көрсетіліп, прокуратура органдарының тарихымен таныстырылды.

         Одан бөлек, аталған кездесуде кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстық әрекеттер санын азайту, балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға бағыштау сұрақтары талқыланып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

         Кездесу қорытындысы бойынша студенттерге естелік кәдесыйылары табысталып, прокуратура органдары қатарына жұмысқа ораналасу тәртібі түсіндірілді.  

 

Алматы облысы прокуратурасында студенттерге арналған ашық есіктер күні өткізілді - 816037345
Алматы облысы прокуратурасында студенттерге арналған ашық есіктер күні өткізілді - 2131478009

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу