Алматы облысы прокуратурасында мәжіліс отырысы өткізілді

09 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысы прокуратурасында қылмыстық-түзету мекемелеріндегі азаптау мен дене мүшелеріне зақым келтіру, қылмыстық қудалау органдарының тергеу сапасы сұрақтары бойынша мәжіліс отырысы өткізілді.

Осы отырыста статистикалық мәліметтерді бұрмалау, ауыр және аса ауыр қылмыстардың тергелу сапасы, дәлелдемелерді уақытылы бекіту және жедел-іздестіру жұмысының сапасы талқыланды.

Облыс прокуроры Азамат Жылқыбаев тергеу уақытын сақтауды және аумақтық прокурорлардан қадағалау жұмысын нығайтуды талап етті.

Екінші сұрақ болып қылмыстық-түзету мекемелеріндегі мәселелер қаралды.

Отырыста сотталушылар мекемелер әкімшілігінің тәртіптік изоляторға қамау, ауыр ұстау жағдайына ауыстыру, басқа да тәртіптік жазалар қолдану туралы шешімімен келіспеген жағдайда дене мүшелеріне зақым келтіретіні аталып өтті.

Барлық осындай фактілер бойынша прокуратура және ҚАЖД тарапынан тексерістер, кейбір жағдайлар бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілген.

Азаптау, дене мүшесіне зақым келтіру және өз-өзіне қол жұмсау фактілерін азайту үшін облыстық ҚАЖД басшылығы мен мекемелер бастықтарына жазаны өтеуге бағытталған жұмысын қайта қарауға ұсыныс берілді.

 

Алматы облысы прокуратурасында мәжіліс отырысы өткізілді - 318926752
Алматы облысы прокуратурасында мәжіліс отырысы өткізілді - 1043369939