Алматы облысы прокуратурасында бірінші жартыжылдық қорытындыланды

23 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы облысы прокуратурасында бірінші жартыжылдық қорытындыланды - 288402347

Алматы облысы прокуратурасында бірінші жартыжылдық қорытындыланды

 

         Алматы облысы прокуратурасында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы талқыланды.

Өткен уақытта қадағалау органы қылмыстың алдын алу, азаматтардың тұтыну және еңбек құқықтары, мемлекеттік бюджетке келтірілген залалды қайтару бағытындағы жұмыста елеулі жетістікке жеткендігі аталып өтілді.

         Қабылданған шаралар қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқығы қорғалды.

         Құқық қорғау органдарының қызметтік бөлмелерінен 34 заңсыз ұсталған адамдар босатылды.

         Ерекше назар халықтың жеке өміріне қол сұғу фактілерін болдырмауға бағытталды. Прокурорлар тарапынан 200-ден аса заңсыз жедел іздестіру шаралары қысқартылып, санкцияланатын іс-шаралар саны 70% төмендетілді.

         Одан бөлек, құқық қорғау органы қызметкерінің азаматты қылмыстық істен жалтарту фактісі анықталды.

         Атап айтсақ, ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапынан есірткі сатушыға қатысты қозғалған қылмыстық істі заңсыз қылмыстық құрамы жоқ деп қысқартқан. Қазіргі таңда заңсыз шешімнің күші жойылып, кінәлі қызметкерлерге қатысты тергелу амалдары жүргізілуде. 

         Биыл қадағалау органы 39 мың тұтынушының құқығын қорғады, оларға жылу үшін артық төленген 250 млн. теңге қайтарылды.

         Банкроттағы мекемелермен белсенді істелінген жұмыс нәтижесінде, жұмысшылар алдындағы 5 млн. теңге жалақы бойынша қарызы өтелді.

         Одан бөлек, мұғалімдерге мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы бірнеше жыл төленбегені белгілі болды. Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде 4 мың педагог маманына төлем толықтай аударылды.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердіңнегізгі жалақысына 40% қосымша ақы төленуі керек. Алайда ол  жылдар бойы берілмеген. Қабылданған шаралар арқасында оларға 35 млн. теңгеден астан қосымша жалақы төленді.          Талғар ауданында туберкулезбен ауыратын 160-тан аса бала ем қабылдауға кезегін күтіп жүргенде, 92-сі сау болса да «Айналайын» балалар үйінде осы дертке қарсы санаторлық ем қабылдаған.

Ол қылыққа жол берген құзіретті тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Уәкілеттікті асыра пайдалану және жалған құжат жасау фактілері бойынша тергеу амалдарын жүргізу үшін жиналған материалдар қылмыстық қудалау органдарына жеберілді.

Қатты-тұрмыстық қалдықтарының айналымы бойынша да көптеген жүйелі заң бұзушылықтар анықталды. Рұқсатсыз қоқыс төгу орындарының көптігі және полигондардың санитарлық, экологиялық талаптарға сәйкессіздігі анықталды. 

Тексеріс қорытындысы бойынша 2 заңсыз полигон және 100-ден аса қоқыс орындары анықталды.

Мысалы, Қарасай ауданында белгісіз тұлғалар шаруа қожалықтары жерінде заңсыз ақылы полигон ашып, Алматы қаласы мекемелерінің қоқыс жинайтын орнына айналдырған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 100-ден астам тұлға жауапкершілікке тартылып, қоқыс орнын заңсыз ұйымдастыру фактілері бойынша тергеу амалдары басталды.

Цифрлендіру үрдісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін, электронды қылмыстық іс институты белсенді жұмыс істеуде. Электронды түрде 138 іс аяқталып, 180-нен аса қылмыстық іс осы форматта тергелуде.

Алқа отырысының нәтижесінде азаматтардың құқығын қорғауға, бюджетке келтірілген залалды өндіруге, табиғатты қорғауға және басқа да басым бағыттардағы жұмысты күшейту тапсырылды.

 

Алматы облысы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу