Алматы облысы прокуратурасымен дәрілік препараттарды заңсыз алып сату, жоғары бағада өткізу деректері бойынша жұмыстары жалғасуда

24 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысының аумағында құқық қорғау және мемлекеттік органдарынан құрылған мобилдік тобымен бүгінгі таңда 110 дәрілік препараттарды заңсыз алып сату деректері анықталды, аталған деректер бойынша 37 дәріхана иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалған заң бұзушылыққа орын берген тұлғалар бойынша  жауапкершілікке тарту туралы жұмыстары жүргізілуде.

 Облыс прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдарымен азаматтардың медициналық препараттарды заңсыз сатуының 10 дерегі анықталды.

Қазіргі таңда заңсыз айналымнан шығарылған соммасы 13,2 млн.тенге тұратын дәрілік препараттар облыстық денсаулық басқармасына өткізілді.

Осы саладағы заң бұзушылықтарды уақтылы анықтап, шара қолдану мақсатында - халыққа дəрілік препараттарды көтеріңкі бағамен сату əрекеттеріне шағымдану жолдары, оның ішінде «DariKZ» мобильдік қосымшасы туралы ақпаратқа, сондай-ақ, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау комитетінің колл-орталығына 109 жəне 1439 нөмірлеріне немесе төмендегі телефондар арқылы хабарлауға мүмкіндіктеріңіз бар екендігін түсіндіреміз, олар:

  • Алматы облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау Департаментіне - 8 7282 601169, 601180;
  • Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне -       8 7272 517 106; 
  • Алматы облысы бойынша полиция Департаментіне - 8 7282 608 007, немесе 102.

         Сонымен қатар уəкілетті орган тарапынан шара қабылдамау фактілері бойынша Алматы облысы прокуратурасының 8 7282 241780 телефонына хабарлауға болады.