Алматы облысы прокуратурасы өткен жылды қорытындылады

28 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысы прокуратурасында өткен жылдың қадағалау қорытындысы талқыланып, алдағы уақыттағы мақсаттар белгіленді.

Елбасының құқық қорғау жүйесін жандандыру туралы тапсырмасына сәйкес, қылмыстық істер электронды форматта тергелуге ауыстырылуда. Өткен жылы аталған форматта 2306 іс тергеліп, оның 519 сотқа жолданды.

Алдын алу жұмыстары арқасында аса ауыр қылмыстар 21%-ға (223-тен 177-ге), ал ауыр қылмыстар 11%-ға (1705-тен 1511-ге) төмендетілді.

Қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерін тексеру нәтижесінде 12 заңсыз ұсталған тұлғалар босатылды.

Дәлелдемелерді бұрмалау арқылы азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тарту 7 фактісінің алды алынып, қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды.

Ай сайын 25 кәсіпорын мен жеке тұлғалардан пара жинап отырған, құрамына көлік инспекциясы басшысының орынбасары мен қызметкерлері кірген, лауазымды тұлғалардан тұратын топтың сыбайлас жемқорлық схемасы тоқтатылды.

Одан бөлек, ҚХР-нан темір жолмен кіретін транзиттік құрамдардан тауарларды ұрлайтын топ анықталды.

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Прокуратураның енгізілген актілерінің қорытындысы бойынша моноплистер тарапынан жылуға 1,4 млрд. теңгеге компенсациялық тарифтер енгізілді.

Қабылданған шаралар арқасында, мүгедек балаларды оқыту үшін алынатын 35 млн. тенгені құрайтын 4 мың ұстазға қосымша ақы төленді.

Жер қатынастары саласында қолданылмай жатқан 5 мың (563,6 мың га) жер телімі анықталды, мемлекетке кадастірлік құны 172,7 млн. теңгені құрайтын 140 жер учаскесі қайтарылды.

237 га жерді 4,5 мың учаскеге заңсыз бөлу фактісі анықталып, қабылданған шаралар негізінде жергілікті атқарушы органдардың заңсыз актілері күшін жойды.   

 

Мемлекеттік сатып алу саласында ұйымдастырушылар тарапынан тендерлерге қатысуды қиындататын заңсыз біліктілік талаптарын қою схемаларының алды алынды.

Нәтижесінде, сомасы 1,9 млрд. теңгені құрайтын заңсыз 17 шарт бұзылды.  

Құқық қорғау қызметтері орталығында 2,1 мың азаматқа, оның ішінде 1,9 мыңына прокурор тарапынан құқықтық көмек көрсетілді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша қадағалау қызметін күшейту туралы нұсқау беріліп, алдағы жылдағы басым бағыттар бойынша тапсырма берілді.

 

Алматы облысы прокуратурасы өткен жылды қорытындылады - 1051026160
Алматы облысы прокуратурасы өткен жылды қорытындылады - 2126308830

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу