Алматы облысы прокуратурасы ағымдағы жылды қорытындылады

31 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысы прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысында Азамат Жылқыбаевтың төрағалығымен 2019 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланды.

Облыс прокуроры атап өткендей, криминогендік жағдай қылмыстық құқық бұзушылықтар санының 22,2%-ға (27 678-ден 21 528-ге) азайғанымен сипатталады.

Есепке алу-тіркеу тәртібі бойынша жүргізілген тексеріс қорытындысы нәтижесінде 64 қылмыстық құқық бұзушылық есепке алынды.

Қызметтік үй-жайлардан және изоляторлардан  30 заңсыз ұсталған адам, ҚПК 128-бабының тәртібінде заңсыз ұсталған 40 адам босатылған.  

Прокурорлардың өтінішхаттарымен 72 адамға қатысты сот қателіктері түзетіліп, оның ішінде 34 адамның жағдайы жақсартылды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында азаматтардың құқығын қорғауға аса мән берілді.

Прокурорлардың үйлестіруімен 1 мың қызметкердің 150 млн. теңге болатын жалақысы өтелген.

Прокурорлық актілер негізінде ауыз сумен, табиғи газбен, электр энергиясымен және жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша уақытша өтемдік тарифтер енгізіліп, 306 мың адамның құқықтары қорғалды.

Аумағы 48,1 мың га құрайтын пайдаланылмайтын жер телімдері кері қайтарылды.

 Атқарушылық өндірісі бойынша мемлекет кірісіне 920,3 млн. теңге өндірілген. 

Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 2 мыңнан астам адам әр түрлі жауапкершілікке тартылды. Мемлекет кірісіне 1 млрд теңге өндірілді алынған. 

Отырыс барысында облыс прокуроры Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бағыттарына айрықша мән беріп, қылмыстық процесте заңдылықты қамтамасыз етуде және адам құқықтарын сақтауда прокурорлардың үйлестіруші рөліне баса назар аударды.

Қадағалау органының жұмысын қорытындылай келе, облыс прокуроры азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды.

 

Алматы облысы прокуратурасы ағымдағы жылды қорытындылады - 149486778
Алматы облысы прокуратурасы ағымдағы жылды қорытындылады - 610173513
Алматы облысы прокуратурасы ағымдағы жылды қорытындылады - 1256550740

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу