Алматы облысы бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізілді

30 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы облысы бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізілді  - 1294106087

Облыстық прокуратурамен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Алматы облысы бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізілді және осы отырыста 2 сұрақ қаралды:

-         Құқық қорғау қызметтері орталығының ашылуы, оның қызметіне байланысты органдар арасында мемерандумға қол қою;

-         Құқық қорғау және арнайы органдармен діни экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің жолын кесу мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының тиімділігі және осы шаралар барысында заңдылықтың сақталуы.

Құқық қорғау қызметтері орталығы Бас прокуратураның бастамасымен ашылған және бірінші болып Астана қаласында жарық көрді, кейінірек басқа өңірлерде ашыла басталды.

Құқық қорғау қызметтері орталығы өзінің сұранысқа ие екендігін көрсетті, тек бір айдың ішінде ғана Астана қаласындағы Орталық 1200 адам қабылдаған.

Талдықорғанда осындай Орталық облыстық прокуратураның бастамасымен салынып жатыр.

Қазіргі таңда облыс Әкімінің қолдауымен құрылыс жұмыстары аяқталуда.

Сонымен қатар, облыстық әкімдік, прокуратура, ІІБ, адвакаттар және медиаторлар коллегиялары, басқа да органдармен меморандумға қол қойылып, Орталық ашылған сәттен бастап бірге жұмыс істеуге бел буылды.   

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу