Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/12 түзету мекемесіндегі азаптау бойынша

26 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

24.12.2019 ж. Алматы облысы бойынша ҚАЖД  қарасты ЛА-155/12 түзету мекемесінде өткізілген жалпы тінту іс-шараларының қорытындысы бойынша ұялы телефондар, есірткі және басқа рұқсат етілмеген заттар табылды.

Кейбір сотталғандар тінту жұмыстарына кедергі келтіргендіктен, оларға қарсы арнайы құралдар пайдаланылып, 3 сотталған тәртіптік изоляторға қамалды. Қамаумен келіспегендіктен олар өз өзіне дене жарақытын келтірді.

Есірткі заттарын табу мен дене жарақатын келтіру фактілері бойынша полиция тарапынан ҚР ҚК 297-бабының 2 бөлімі мен 105-бабы бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сонымен қатар, аталған колонияда облыс прокурорының орынбасары Ержан Сыбанқұлов жеке қабылдау өткізді.

Сотталғандардың азаптау бойынша жазған арыздарының негізінде облыс прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі тіркеліп, жемқорлыққа қарсы қызметке тергеу жүргізу үшін жолданды.