349 жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

23 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қаратал ауданы прокуратурасымен талдау барысында «КаzSilicon» ЖШС-гі тарапынан еңбек заңдылығының өрескел бұзулуына жол берілгені анықталды, атап айтқанда жұмысшыларға тиісті жалақыны уақытында төлемеу фактісі орын алған.

 «КаzSilicon» ЖШС-гі Қазақстандағы алғашқы металлургиялық кремни өндіру зауыты, 2006 жылы Қаратал ауданының Үштөбе қаласында іске қосылған.

Бұл кәсіпорында 349 жұмысшының алдында 68 млн. теңге  жалақы берешегі пайда болды.

Прокуратураның ұсынысы негізінде, еңбек инспекциясы тарапынан жұмыс берушінің үстінен әкімшілік ықпал ету шарасы қолданып, 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Прокурорлық ықпал ету шарасы нәтижесінде, 2016 жылдың ақпан айының 19 күні жалақы берешегінің толық өтелуі қамтамасыз етілді

Қаратал ауданы прокуратурасымен «КаzSilicon» ЖШС-гінде қызмет атқаратын жұмысшылардың еңбек құқығы қорғалды.

 

Алматы облысы Қаратал аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу