Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 39168
    Дата: 18.01.2018 12:27:46
    Аты-жөні: Байбулатова Гульнара
    Сұрақ:
    Құрметті, Жансейіт Амангелдіұлы. Мен, Байбулатова Гульнара, Таранчиев Адылбек Абыкаевұлынан 19.04.2013ж занды түрде ажырастым.Арамызда 1 ұл, 1 қыз бар. Сот ажырасқанда ұлды әкесінің, қызды менің қамқорлығына қалдырды. Сол уақыттан беры еш алимент төлеген жоқ. Қазіргі уақытта ұлым да менімен бірге тұрады. 30.07.2017ж Қарасай аудандық сотына өтініш қалдырдым. 10.07.2017ж Қарасай аудандық соты жауап беруші Таранчиев Адилбектен алимент өндіріп беруге бұйрық шығарды. Бұйрық шыққан сон мені Жеке сот орындаушыларының (ЖСО) аймақтық палатасына жіберді. ЖСО аймактық палатасына 09.11.17 өтініш қалдырдым. Менің ісімді Бугубаев Роллан жеке сот орындушысына берілді. Осы уақытқа дейін ЖСО Бугубаев Роллан тарапынан еш нәтиже, жауап, шешім шыққан жоқ. Сізден, өтініш, менің ісімді шешіп беруге комектемуіңізді сұраймын. Алдын ала үлкен рахмет.
    Жауап күні:
    25 қаңтар, 2018 - 16:36
    Жауап:
    Құрметті Гульнара Қайсарбекқызы! Қарасай ауданының прокуратурасымен Сіздің, 10.07.2017 жылғы №1952-17-00-2/3356 санды сот бұйрығының орындалмай жатқандығы бойынша жазған арызыңыз қаралды. Өзіңізге мәлім, 15.11.2017 жылы жоғарыда аталған сот бұйрығының негізінде жеке сот орындаушы Р.Бұғыбаев №1240/17-19-1090 санды атқару өндірісін қозғаған. Алайда, алимент өндіру бойынша сот бұйрығының күші Қарасай аудандық сотының 04.12.2017 жылғы ұйғарымымен жойылғандығын хабарлаймын. Аталған ұйғарымның негізінде жеке сот орындаушы 23.01.2018 жылы А.Таранчиевке қатысты қозғалған атқару өндірісін қысқартқан. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылы екеніңізді түсіндіремін. Аудан прокуроры Ж. Аязбаев  Азнагулов Д.
  • Сұрақ №: 39130
    Дата: 16.01.2018 23:06:26
    Аты-жөні: Байбулатова Гульнара
    Сұрақ:
    Құрметті, Жансейіт Амангелдіұлы. Мен, Байбулатова Гульнара, Таранчиев Адылбек Абыкаевұлынан 19.04.2013ж занды түрде ажырастым.Арамызда 1 ұл, 1 қыз бар. Сот ажырасқанда ұлды әкесінің, қызды менің қамқорлығына қалдырды. Сол уақыттан беры еш алимент төлеген жоқ. Қазіргі уақытта ұлым да менімен бірге тұрады. 30.07.2017ж Қарасай аудандық сотына өтініш қалдырдым. 10.07.2017ж Қарасай аудандық соты жауап беруші Таранчиев Адилбектен алимент өндіріп беруге бұйрық шығарды. Бұйрық шыққан сон мені Жеке сот орындаушыларының (ЖСО) аймақтық палатасына жіберді. ЖСО аймактық палатасына 09.11.17 өтініш қалдырдым. Менің ісімді Бугубаев Роллан жеке сот орындушысына берілді. Осы уақытқа дейін еш нәтиже, жауап, шешім шыққан жоқ. Сізден, өтініш, менің ісімді шешіп беруге комектемуіңізді сұраймын. Алдын ала үлкен рахмет.
    Жауап күні:
    31 қаңтар, 2018 - 17:23
    Жауап:
    Г.Байбулатоваға Сіздің алиментке қатысты сот актісі ұзақ мерзім орындалмай жатқандығы және жеке сот орындаушы Р.Бугубаевтың іс-әрекетіне жазған өтінішіңіз Алматы облысы әділет Департаментіне жолданды. Қарау нәтижесі Алматы облысы әділет Департаменті тарапынан заңмен көзделген мерзімде хабарланады. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 6, 7 және 21 бабына сәйкес прокуратура азаматтардың өтініштерін тек физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың; шектелмеген адамдар қатарының; егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, аталған тұлғаларға қатысты арыздар тек келесі жағдайларда қаралады: құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде жүргізілетін тексерістерді; осы органның не оның лауазымды адамдарының қызметіндегі мүдделер қақтығысын; тексеріс тағайындауға осы органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым себеп болған жағдайды қоспағанда, құзыретіне тексеріс жүргізу кіретін уәкілетті мемлекеттік органға тексеріс жүргізуді тапсырады. Қазақстан Республикасының «Азаматтық процестік кодексінің» 8 бабына сәйкес әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
  • Сұрақ №: 37880
    Дата: 05.12.2017 17:19:40
    Аты-жөні: Мешитбаева Дамира
    Сұрақ:
    Сəлеметсізбе мен Байсерке ауданынын милицияларына шағымым бар мен Нвурыз айында 22мектепте телефонымды урлатып алдым осы уақытқа дейін тауып берген жок кеше сол урланған телефоным косылды бүгін барып телефонымды косылғанын айтсам өзіміз хабарласамыз деп тексермей койды сіздерден өтініш осыны қадағаласаңыздар осы уақытқа дейін неге іздемейд дəлел көрсетсемде тексерген жоқ
    Жауап күні:
    25 желтоқсан, 2017 - 17:17
    Жауап:
    Д.Ж.Мешитбаеваға блогқа Құрметті Дамира Жаксликкызы! Сіздің, Іле АІІБ-ның қызметкерлерімен тергеліп жатқан №1719680310001081 санды қылмыстық істің тергелуінің созбалаңға салынғаны туралы жазған арызыңыз қаралды. Анықталғаны, 07.03.2017 жылы Іле аудандық ІІБ – ның анықтаушысы О.К.Смагуловтың қаулысымен жоғарыда аталған қылмыстық іс ҚР ҚПК – нің 45 – бабының 7 – бөлігі 1 – тармағына сай іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілген. Кәзіргі уақытта, Іле аудандық ІІБ – ның анықтаушысы О.К.Смагуловты жауапкершілікке тартуға мүмкіншілік жоқ, себебі қызметтік лауазымынан босатылған. Алайда, арызыңызда көрсетілген уәждеріңіз аудан прокуратурасымен қаралып, ҚР ҚПК-нің 24-бабының талаптарын орындау, яғни жан-жақты және толық тергеу амалдарын жүргізу мақсатында жазбаша нұсқау берілді. Қабылданған шешім бойынша және атқарылып жатқан тергеу жұмыстары жөнінде жоғарыда аталған мекемемен хабарланады. Іле ауданының прокуроры Е.Молдахметов орын.А.Жаксыбаев тел. 8 72 752 2 11 94
  • Сұрақ №: 37489
    Дата: 23.11.2017 08:03:43
    Аты-жөні: Калипекова Камила
    Сұрақ:
    Сәлеметсіздерме құрметті Талғар аудандық прокуратурасы? Менің шағымым Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан Жетісу Газ Құбыры ұйымы жайлы болмақ. Менің куйеуім Калипеков Айбар осы Жылдың мамыр айының 15жұлдызында газды қостыру мақсатында жетісу газ құбыры ұйымына барып 309000теңге барып Толеді. Бұл деген төленуі керек болатын барлық сомма. Келісімшарт құрылды. Олар Келісімшарт бойынша Талғар ауданы Бірлік ауылы Балуан Шолақ көшесі 5а мекенжайына 6айдың ішінде, яғни қарашаның 15не дейін бізге газды кіргізулері керек болатын. Бірақ жоқ, кңргізілмеді. Келісімшарт бұзылған жағдайда бізге кім комектесе алады? Жоқ əлде барып шағым жазылуы тиіспе біздің тарапымыздан
    Жауап күні:
    4 желтоқсан, 2017 - 12:51
    Жауап:
    К.О.Калипековаға Құрметті Камила Оразханкызы! Сіздің Жетісу Газ Құбырының ұйымы жайлы жазған арызыңыз аудан прокуратурасымен қаралды. Араларыңызда азаматтық қарым-қатынас орналануына байланысты, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 9 бабына сәйкес азаматтық құқықтарыңыз сотпен қорғалатынын түсіндіреміз. Осыған орай, тексеру жүргізуге прокуратура құқықтық негізінен айырылған. Талғар ауданының прокуроры Б.Қыдырбаев орын.Сағымбеков Е. тел.2-10-45
  • Сұрақ №: 37488
    Дата: 23.11.2017 08:02:20
    Аты-жөні: Калипекова Камила
    Сұрақ:
    Сәлеметсіздерме құрметті Талғар аудандық прокуратурасы? Менің шағымым Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан Жетісу Газ Құбыры ұйымы жайлы болмақ. Менің куйеуім Калипеков Айбар осы Жылдың мамыр айының 15жұлдызында газды қостыру мақсатында жетісу газ құбыры ұйымына барып 309000теңге барып Толеді. Бұл деген төленуі керек болатын барлық сомма. Келісімшарт құрылды. Олар Келісімшарт бойынша Талғар ауданы Бірлік ауылы Балуан Шолақ көшесі 5а мекенжайына 6айдың ішінде, яғни қарашаның 15не дейін бізге газды кіргізулері керек болатын. Бірақ жоқ, кңргізілмеді. Келісімшарт бұзылған жағдайда бізге кім комектесе алады? Жоқ əлде барып шағым жазылуы тиіспе біздің тарапымыздан
    Жауап күні:
    4 желтоқсан, 2017 - 12:49
    Жауап:
    К.О.Калипековаға Құрметті Камила Оразханкызы! Сіздің Жетісу Газ Құбырының ұйымы жайлы жазған арызыңыз аудан прокуратурасымен қаралды. Араларыңызда азаматтық қарым-қатынас орналануына байланысты, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 9 бабына сәйкес азаматтық құқықтарыңыз сотпен қорғалатынын түсіндіреміз. Осыған орай, тексеру жүргізуге прокуратура құқықтық негізінен айырылған. Талғар ауданының прокуроры Б.Қыдырбаев орын.Сағымбеков Е. тел.2-10-45

Беттер