Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 273
    Дата: 17.12.2012 19:51:41
    Аты-жөні: Алдашева Индира
    Сұрақ:
    Саламатсыздар ма? Мен,Талдықорған қалалық сотына осы жылдың мамыр айында алимент өніру туралы арыз жаздым,судья Н.Үрстембай 10.07.2012 жылдан бастап,борышкер Тұрысбеков Олжастың жалақысынан ай сайын екі балаға 1/3 мөлшерде алимент өндірілсін деген бұйрық шығарып берді.Сот бұйрық шығарғаннан кейін келесі жұмыс сот орындаушыныкі деп ойлаймын,бірақ ешқандай нәтиже жоқ.Сот орындаушы Жомарт Жолборсынов деген азаматқа сан мәрте звондадым,пошта арқылы хат та жазып жібердім,бірақ міне 5-айдан астам уақыт болды ешқандай жауап алар емеспін.Олардан үміт үзгесін сіздерден көмек сұрап отырмын.Өзімнің 2 қызым бар біріншісі 3-жаста,екіншісі 10-айлық кішкентай балалармен жұмысқа да шыға алмай отырмын.Осы істі бақылауға алып,бір нәтиже шығарып беруіңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    2013-02-13
    Жауап:
    Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Локомотив көшесі №15 үй И.Б.Алдашеваға Сіздің Талдықорған қаласы прокурорының электронды блогына түскен сот актісінің орындалмауы туралы 19.12.2012 жылғы және 08.01.2013 жылғы өтініштеріңіз каралды. Талдықорған қалалық отының 12.07.2012 жылғы бұйрығымен Сіздің пайдаңызға О.К.Тұрысбековтен екі баланы асырауға борышкердің барлық табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. Аталған сот актісін орындау мақсатында, Талдықорған аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Д.Атенбековтың 17.07.2012 жылғы қаулысымен атқару өндірісі қозғалған. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 93 және 95 бабтары бойынша мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы шешімдерді орындау кезінде, ең төмен жалақы мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ басқа да өндіріп алулар бойынша өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін борышкердің мүлкі болмаған немесе мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда борышкердің жалақысы мен өзге де табыс түрлерінен өндіріліп алынады. Борышкер «Сбербанк Россия» акционерлік қоғымының Алмты облыстық филиалында ішкі қауіпсіздік маманы болып жұмыс атқарады. Сол себептен аталған атқару өндірісі ары қарай орындалу үшін О.К.Тұрысбековтің осы уақытқа дейінгі алимент бойынша қарызының мөлшері 245 811 теңге көлемінде анықталып, өндіріп алу, борышкердің жалақысынан ұсталу үшін жұмыс орнына жолданылғанын Сізге хабарлаймын. Талдықорған қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі К. Үсіпбаев # Б.Жандосова ' 27-18-97

Беттер