Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 2568
    Дата: 08.06.2013 19:45:00
    Аты-жөні: Жеңіс Сәбит
    Сұрақ:
    2013 жылы 03 наурызда Алматы облысы Іле аудандық ІІБ арыздандым. Арыз №2302. Алайда арыз бойынша ІІБ тарапынан қандай шара қолданылғандығы турасынан бейхабармын. осыған орай жауап берулеріңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    2013-09-12
    Жауап:
    Сіздің, алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің созбалаңға салынуы туралы арызыңыз аудан прокуратурасымен қылмыстық істі зерделеу арқылы қаралды. Аталған қылмыстық іс Іле АІІБ-мен 06.03.2013 жылы қозғалып, алдын-ала тергеу жүргізу нәтижесінде 24.04.2013 жылы ҚР ҚІЖК-нің 50 бабының 1 бөлігі 1 тармағы негізінде тоқтамға алынғаны анықталды, яғни айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауына байланысты. Бұл негізсіз қабылданған шешім аудан прокуратурасымен 12.06.2013 жылы бұзылып, қылмыстық іс тергеу амалдарын жүргізу үшін аудандық ІІБ-на қайта жолданды. Қазіргі уақытта, аудан прокуратурасының қылмыстық істі толыққанды және объективті зерттеуге бағыттаған нұсқауын орындау мақсатында аудандық ІІБ-мен тергеу амалдары жүргізілуде, сол себепті қабылданған шешім жайлы Сізге аталған органмен хабарланады.
  • Сұрақ №: 2421
    Дата: 29.05.2013 09:38:04
    Аты-жөні: Жеңіс Сәбит
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе! 2013 жылы 03 наурызда Алматы облысы Іле аудандық ІІБ қозғалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс (КУЗ 2303)туралы осы уақытқа дейін ҚР заңына сәйкес шара қолданып, мені хабадар етуіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    2013-09-13
    Жауап:
    Сіздің, алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің созбалаңға салынуы туралы арызыңыз аудан прокуратурасымен қылмыстық істі зерделеу арқылы қаралды. Аталған қылмыстық іс Іле АІІБ-мен 06.03.2013 жылы қозғалып, алдын-ала тергеу жүргізу нәтижесінде 24.04.2013 жылы ҚР ҚІЖК-нің 50 бабының 1 бөлігі 1 тармағы негізінде тоқтамға алынғаны анықталды, яғни айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауына байланысты. Бұл негізсіз қабылданған шешім аудан прокуратурасымен 12.06.2013 жылы бұзылып, қылмыстық іс тергеу амалдарын жүргізу үшін аудандық ІІБ-на қайта жолданды. Қазіргі уақытта, аудан прокуратурасының қылмыстық істі толыққанды және объективті зерттеуге бағыттаған нұсқауын орындау мақсатында аудандық ІІБ-мен тергеу амалдары жүргізілуде, сол себепті қабылданған шешім жайлы Сізге аталған органмен хабарланады.
  • Сұрақ №: 2105
    Дата: 08.05.2013 19:10:08
    Аты-жөні: Аноним Аноним
    Сұрақ:
    Қымбатты прокурор мырза ! Біздің Сізге хат жазу себебіміз, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Оспанхан Әубәкіров атындағы орта мектепте болып жатқан келеңсіз оқиғаларды жеткізу. Мектеп директоры Тульбаева Лаззат Жораевна 2010 жылдың қыркүйек айынан басшы болып көрші мектептен келді. Жалпы –2006-шы жылы бір жыл директор болды да, арызбен жұмыстан кеткен. Үш жылдан соң қайта келді. Қазіргі кезде мектептен ақша жинау тоқтамай тұр. 2012 жылдың шілдесінен бері ақша тоқтаусыз жиналуда. Шілдеде КРУ-ге әкімшіліктен 17000 теңгеден, ал мұғалімдерден 7000 теңгеден ақша жинады. Биыл сол КРУ тағы келді, ақпан айында әкімшіліктен 10000 теңгеден, мұғалімдерден 7000 теңгеден, ал тех. Персоналдан 1000 теңгеден барлығы 400000-ға (төрт жүз мыңға ) жуық ақша жиналды. Бірақ екі тексерістің де анықтамасымен таныс емеспіз. Не тексерілді, қандай ескерту берілді, кімнен қате кетті белгісіз.Ескерту кімге берілді? Мұғалімдер завучтардан сұраймыз, бірақ завучтар ешнәрседен хабарсыз. Бұрынғы басшы бәрін айтып отыратын. Ақша мен тексерісті тек бізде директор өзі жүргізеді. КРУ-ге ставка қойылған ба? Бастығымыз ставка 300000 теңге деп жиналыс өткізді. Қинала қинала бердік. Және қыркүйектегі мектептегі жағдайы төмен балаларға берілетін ақша 236000 теңге бөлінген, оның 90000 теңгесін директор өз қажетіне жұмсаған. Сол жердегі комиссия мүшелері –киімді әкелгендер- толық айта алады. 60000 теңге-садиктің есігіне, 20000 теңге прокуратураға (не үшін білмейміз), 10000 теңгесін Үлкен мектебіне семинарға бару жол қаражатына алған. Құжат 236000 мыңға толық жасалған. Арзан киімдермен орнын жапқан. Садикке есікке ауыл әкімі де 60000 теңге берді деп бір жиналыста өзі айтқан. Биыл сол садиктің есігіне деп ауылдың азаматы Қасабаев Мұрат 50000 теңгені тағы көпшілік алдында берді. Жұмысқа қабылданған барлық жас мұғалімдер міндетті түрде 30000 мың теңгеден ақша бердік, ауданға бастыққа берем деді. Жас мұғалімдер қатты қиналдық. Апталық сағатымыз 9 сағаттан. Бәрімізде. Аудандық білім бөлімінің бастығын туған күнімен құттықтадым деп 20000 теңгені өз орынбасарларынан жинап алған. Өзі құттықтап, мұғалімнен ақша жинау түсінбейтін жағдай болды. Апрель айында 15000 тенге аудандық білім бөліміне деп тағы алды. Ай сайын мұғалімдерден 1% қорға жинайды, қайда жұмсалғанының есебі айтылуды қойды. Кәсіподақ жаңа жылға 15000 тенге бөлген, бірақ жаңа жыл аталмады, сонда ол ақша қайда кетті.... белгісіз?! 2013 жылдың бірінші кварталында прокуратура тексеріп келе жатыр, соған деп 30000 мың теңгені тағы жинады. Комиссия келе жатыр деп ақша жинайды үнемі. СЭС келді, штраф салды деген. 65000 теңгені садиктегі тәрбиешілерден де жинады. Осы көктемде (наурыз-сәуір). 2010 жылы шыққан «Жұлдыздар отбасы» журналын екі жылдан соң 2012 жылдың желтоқсанында барлық мұғалімге 600 теңгеден сатты. Заңды ма, заңсыз ба? Аудандық білім бөлімі жіберген деп. Биылғы всеобучтан 228000 мың теңге бөлінген, соның ай сайын 36000 мың теңгесі мектеп асханасына бөлінеді екен, ал одан асханаға 1 кг- пияз, 4-5 тауықтың саны беріледі, -деп повар жылауда. Оқушыларға тамақ жетпейді,-деп. Аттестациядан өтетін мұғалімдерден де үнемі ақша талап етеді. Былтырғы жылы бірінші санатқа өткендер 10000 теңге берсе, бірінші санатқа расталғандар 5000 теңгеден берсе, биылғы жылы жоғары санатқа өту ставкасы 50000 мың , жоғары санатты растау 25000 теңге, бірінші санатқа өту мен растау барлығы 15000 теңгеден деп ставкасын қойды. Оны бөлім бастығына беру керек көрінеді. Шын солай ма? Осы сияқты газет-журнал-керекті керексіз кітаптар, концерттерге де ақша жинау тоқтамай тұр. Сабақ бөлуде де кемшілік көп. Замен сабақтар дұрыс бөлінбеген. Технология мұғалімі жұмыстан кетті, оның сағаттары география мұғаліміне берілді. Маман емес. Директордың өзі сабақ өткізбеген күндеріне ақшасы толық жазылады, мұғалімдерден ақша ұсталады. Дұрыс па? Қараша айында мектеп директоры 4-нен 19-на дейін жұмыста болмады. Аурып, бірақ ақшасы больничный емес, толық жазылған. Неге? Ақпанның 3-10 аралығында да бастық жұмыста болмады. 5 ақпан күні әкім есебінде болды да тағы жоқ болды. Еңбек ақысы толық жазылған. Бұлақ бастауыш мектебін тексеріп, директор жанындағы отырыста қарады, сәуірде. Завуч көп кемшілікті атап көрсетті. Мемлекеттік стандарттың орындалуында кемшілік көрсетілді. Бірақ директор шешімінде ешбір ескерту болмады. Басқа кіші кемшіліктер үшін мұғалімдер ескертулер алды. Шешім дұрыс қабылданбады. Мұғалімдер толық наразы болдық. Біз білмейтін жағы тағы бар ғой. Материальный базасы, бөлініп жатқан ақшаның жұмсалынуы. Осы жағдайларды, Прокурор мырза өзіңізге айтуды жөн санадық, заң жүзінде тексеріп, мұғалімдердің құқығын қорғап берсеңіз.
    Жауап күні:
    2013-06-03
    Жауап:
    А.Феликсовичке және басқаларға Сіздердің 2013 жылдың мамыр айының 13 жұлдызында облыс прокурорының жеке блогына келіп түскен, Жамбыл ауданы «О.Әубәкіров» атындағы орта мектебінде (ары қарай – оқу орны) орын алған заң бұзушылықтар туралы арыздарыңыз қаралып, төмендегі мән-жайлар анықталды. Жамбыл аудандық прокуратурасымен аталған оқу орнында, Сіздердің арыздарыңыздың негізінде тексеру жүргізіліп, мектеп директорының денсаулығына байланысты жұмыс орнында жоқ болуына қарамастан толық көлемде жалақы алу фактісі өз дәлелін тапты. Сондықтан, прокурорлық ықпал ету актісінің негізінде мектеп директоры Л.Тульбаева материалдық жауапкершілікке тартылып, ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 2 бөлімінің негізінде қызметінен ботату туралы тәртіптік жаупкершілікке тартылды. Сонымен қатар, арызда көрсетілген басқа да заң бұзушылық фактілері өз дәлелін таппады. Облыс прокурорының м.а Б.Жүйріктаев
  • Сұрақ №: 397
    Дата: 24.12.2012 22:06:08
    Аты-жөні: Алдашева Индира
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба құрметті Ғабит Төреұлы!Мен жолдасыммен 9-ай болды бірге тұрмаймын.Некеде Талдықорғанда тұрған соң Талдықорған қалалық сотына алимент өндіру туралы арыз жазып,борышкерден екі балаға алимент өндірілсін деген сот бұйрық шығарып берді.Бірақ сот шешім шығарғанымен сот орындаушы қозғалар емес.Сот орындаушылар отыратын жерге звондап, менің ісіммен айналысатын Жомарт Жолборсынов деген азамат екенін білдім.Ол кісіге міне неше ай болды жұмыс орнына сан мәрте звондадым,пошта арқылы хат та жібердім,ешқандай жауап алар емеспін.Сот орындаушыдан ешкандай нәтиже болмаганнан кейін сізге хат жазуды жөн көрдім.Мүмкін болса осы істі бақылауға алып,бір нәтиже шығарып беруіңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    2013-01-24
    Жауап:
    Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Локомотив көшесі, 15 И.Б.Алдашеваға Сіздің облыс прокурорының электронды блогына түскен сот актісінің орындаулмауы туралы өтінішіңіз қаралды. Талдықорған қалалық сотының 12.07.2012 жылғы бұйрығымен Сіздің пайдаңызға О.К.Турысбековтен екі баланы асырауға борышкердің барлық табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. Аталған сот актісін орындау мақсатында, Талдықорған аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Д.Атенбековтың 17.07.2012 жылғы қаулысымен атқару өндірісі қозғалған. ҚР «Атқару өндірісі және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Заңының 93 және 95 бабтары бойынша мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы шешімдерді орындау кезінде, ең төмен жалақы мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ басқа да өндіріп алулар бойынша өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін борышкердің мүлкі болмаған немесе мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда борышкердің жалақысы мен өзге де табыс түрлерінен өндіріліп алынады. Борышкер «Сбербанк России» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалында ішкі қауіпсіздік маманы болып жұмыс атқарады. Алайда сот орындаушы алиментті оның жалақысынан өндіруге шара қолданбаған. Бұл жағдайға прокуратура органдарының араласуының нәтижесінде сот орындаушының 01.02.2013 жылғы қаулыларымен О.К.Турысбековтың осы уақытқа дейінгі алимент бойынша қарызының мөлшері 245 811 теңге көлемінде анықталып, өндіріп алу борышкердің жалақысына айналдырылған. Облыс прокурорының міндетін атқарушы Б.Жүйріктаев
  • Сұрақ №: 273
    Дата: 17.12.2012 19:51:41
    Аты-жөні: Алдашева Индира
    Сұрақ:
    Саламатсыздар ма? Мен,Талдықорған қалалық сотына осы жылдың мамыр айында алимент өніру туралы арыз жаздым,судья Н.Үрстембай 10.07.2012 жылдан бастап,борышкер Тұрысбеков Олжастың жалақысынан ай сайын екі балаға 1/3 мөлшерде алимент өндірілсін деген бұйрық шығарып берді.Сот бұйрық шығарғаннан кейін келесі жұмыс сот орындаушыныкі деп ойлаймын,бірақ ешқандай нәтиже жоқ.Сот орындаушы Жомарт Жолборсынов деген азаматқа сан мәрте звондадым,пошта арқылы хат та жазып жібердім,бірақ міне 5-айдан астам уақыт болды ешқандай жауап алар емеспін.Олардан үміт үзгесін сіздерден көмек сұрап отырмын.Өзімнің 2 қызым бар біріншісі 3-жаста,екіншісі 10-айлық кішкентай балалармен жұмысқа да шыға алмай отырмын.Осы істі бақылауға алып,бір нәтиже шығарып беруіңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    2013-02-13
    Жауап:
    Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Локомотив көшесі №15 үй И.Б.Алдашеваға Сіздің Талдықорған қаласы прокурорының электронды блогына түскен сот актісінің орындалмауы туралы 19.12.2012 жылғы және 08.01.2013 жылғы өтініштеріңіз каралды. Талдықорған қалалық отының 12.07.2012 жылғы бұйрығымен Сіздің пайдаңызға О.К.Тұрысбековтен екі баланы асырауға борышкердің барлық табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. Аталған сот актісін орындау мақсатында, Талдықорған аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Д.Атенбековтың 17.07.2012 жылғы қаулысымен атқару өндірісі қозғалған. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 93 және 95 бабтары бойынша мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы шешімдерді орындау кезінде, ең төмен жалақы мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ басқа да өндіріп алулар бойынша өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін борышкердің мүлкі болмаған немесе мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда борышкердің жалақысы мен өзге де табыс түрлерінен өндіріліп алынады. Борышкер «Сбербанк Россия» акционерлік қоғымының Алмты облыстық филиалында ішкі қауіпсіздік маманы болып жұмыс атқарады. Сол себептен аталған атқару өндірісі ары қарай орындалу үшін О.К.Тұрысбековтің осы уақытқа дейінгі алимент бойынша қарызының мөлшері 245 811 теңге көлемінде анықталып, өндіріп алу, борышкердің жалақысынан ұсталу үшін жұмыс орнына жолданылғанын Сізге хабарлаймын. Талдықорған қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі К. Үсіпбаев # Б.Жандосова ' 27-18-97

Беттер