Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 44772
    Дата: 20.07.2018 12:36:37
    Аты-жөні: Байменова Құралай
    Сұрақ:
    Алматы облысы Қарасай ауданының Прокуроры Д.А.Аязбаевқа Қарасай ауданы, Айтей ауылы Қазығұрт көшесі 22 тұрығыны Байменова Құралай Сауранбекқызынан Тел: 87021908610 kura_83@mail.ru Өтініш Мен, Байменова Құралай Сауранбекқызы Қарасай ауданы ішкі істер бөліміне өте өкпелімін. Себебі Қарасай ауданы ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері менің құқығымды қорғамайды. Мәселен, 2018 жылы 11 мамыр айында 4 бас жылқы құлынымен ұрланған туралы жергілікті полицияға өітініш жазған болатынмын. Өтініште ұрлау, қорқыту (угроза) және өзгенін мүлкімен өзінше басқару (Самоуправство) деп жазған болатынмын. Жағдай былай болды биелер күндіз сауында тұрады, түстен кейін сағат 4-ен өтте жолдасым малды жайылымдық жаққа айдап, мал бағып жүрген бадашыға тапсырады. Қарайласып түріңізші үйге барып қайтайын деп айтып кетеді. Бір қоңырау шалып малдар аман есен тұрма дегенде, жылқыларың қойған жерінде жайылып жүр деп айтқан. Салден сон мал бағып жүрген кісі звандап, Самат сен ба? малдарды көк- шаңын шығарып малдарды айдап бара жатқан деп айтады. Жолдасым үйден шығам дегенше дейін, айдап кеткен ұры жылқыларды айтей территориясынан шығарып тастайды. Алик деген есімді азаматты тауып алып, сұрайды, малды қайда айдап тастадын. Алик деген есімді азамат өз малынды өзін тауып ал деп балағаттап, малды қай бағытқа айдап тастағанын айтпады. Амал не, жолдасым түні бойы малды өзі іздеп, свалканың әр жағы үштерек бағытындағы үлкен құз, сайдың ішіне айдап тығып тастаған жерінен тауып алды. 4 күннен соң мен Қарасай ауданын ішкі істер басқармасының басшысының орынбасарынан менің өтінішім жанжал (скандал) ретінде тіркелгенін естідім. Неге менің өтінішім скандал болып тіркелген, скандал болатындай ешбір ұрыс керіс болан жоқ. Нағыз Самоуправство біреудің мүлкімен билік ету, қорқыту. Осы жағдайдан соң мен жеркілікті полиция қызметкерлері қарапайым халықтың мүддесін емес, керісінше ұры-қарының мүддесін көп қорғайтынын түсіндім. Өткені жергілікті полиция қызметкерлеріндің тарапынан ешбір іс-шара жасалынбады. Малды айдап бара жатқан көрген куәгерлер болсада, ешбір іс шара қолданбады. Қанша қоңырау шалып, сұрағанда мазамды алмаңыз деп жауап аламын. Жарайд бұл ісім жабылған қазан күйінде қалды. Енді осындай жағдайдан кейін жолдасым 4 бас жылқыны құлынымен күні түні көз алмай өзі бағып жүрді. 12 шілде айында жолдасым малдарды кешкі сауынан кейін сағат 21,00 шамасында далаға жайылымдық жерге жылқыларды айдап шығарады. Сағат сайын малдар алысқа жайылып кетпеу үшін, малдың басын бір қайырып қойды. Сол 12,07 -13,07 түні қарағанда, үйде құрылыс жүріп жатқан соң, 2 камаз тас түсіруге заказ берген болатынбыз. Сол түні заказ түнге 2 дейін түсірілді. Сол күні жолдасым үйге бетон құйған болатын күндіз. Екінші жағынан, сол күні қатты нөсерлеп жаңбыр жауған соң, жолдасым шаршағандықтан ұйықтап қалады. Азанда сағат 5 шамасында жолдасым жылқыларды айдап келуге барғанда, 1 құлын жоқтығын байқады. Ауыл арасына кіріп кеткен шығар деп кешке дейін әр үйге кіріп мал қорасы болса соның ішін қарап, бүкіл ауылдың аузы ашық септиктерді, арықтарды, мал жайылым жердегі сай-сайларды кешке дейін қарап шықты, құлын табылмады. Егер құлын ауылдың ішінде болса, бие кісінесіп тауып алар еді. Құлынын ұрланғанын түсініп кешкі сагат 18,00 шамасында 102 хабарлап мал ұрланған деп өітінш тастадым. Жергілікті полиция қызметкері майор полиции Қалмаханов Нұржан келіп бар жағдайды түсіндіріп айттық. Сол түні свалка жақтағы фазендаде 1 айғыр 1 бие құлынымен қазықталып тұрған жерінен ұрланған болатын. Малдың иесі Жантілеу аға азанда звандап малдарының ұрланғанын айтты. Полиция қызметкерімен бірге барып Жантілеу ағаданда ауызша түсініктеме алды. Не болсада куәгерлерді іздедік, не болсада, арпа егіндігін күзетшісі көруі мүмкін, өткені түні бойы сол егіндікті қарауылдайды. Полиция қызметкерімен бірге екінші полиция қызметкері келіп, аты-жөні Сапахов Мырзабек егіндік күзетшісін тауып алып, опорный пунктқа апарды. Егіндік күзетшісі Алтынбек деген азаматтан полиция қызметкері жауап (допрос) алды. Алтынбек деген күзетші біздің құлынын мойнына Алик құрық салып жатқанын көргенін барлығын айтты. Соттада дәлелдеп берем деп полиция қызметкерлердің көзіншеде айтты. Полиция қызметкерлері Алик деген азаматтың ешбір төл-құжатты жоқтығын, деректер қорында тіркелмегендігін анықтады. 14.07-15.07 Алик ауылдың ішінде мал бағып жүрді. Полиция қызметкеріне звандап неге қамамадындар деп сұрағанда, ол мүгедек, мүгедектерді қазір қамамайды деді. Сонда ешбір жерде тіркеуі жоқ, 40 жасқа дейін жеке басын куәландыратын құжатты жоқ азаматты, кім мүгедек деп таныды. Менде сұрақ - Қандай мемлекеттік мекеме бұл кісіге мүгедектігін анықтап берген? . 40 жыл санақта жоқ адам, әрине білгенін істейді. Аликтың бізге айтқаны, маған ештене істей алмасындар полициямен байланысым бар, прокуратурада күйеу балам бар деген. Осыған қарағанда жергілікті полициямен байланысы болып тұрғандығын деп түсінемін. 16.07.2018 қарасай ауданының ішкі істер басқармасының басшысы Асхат Даниярұлы Даниярға сағат 15.00 приемға жазылып бар жағдайды айттым. Осы уақытқа дейін, ешбір нәтиже көріп тұрған жоқпын. Следователь келіп ешбір зерттеу жасаған жоқ. Айтей ауылында қарапайым халықтын жыл сайын қаншама малы ұрланады, бірақ ұрыны таппайды. Таппа тал түсте малдарды жайылымнан сойып алып кеткен жағдайларда болды. Осы Алик және оның ағасы Ерик (Моңғол) деп атайды, ауылдың малдырын осылар ұрлап отыр, қанша қамалсада, полиция көмегімен шығып кетеді. Осыған қарап, мен жеркілікті полиция қызметкерлері қарапайым халықтың мүддесін емес, керісінше ұры-қарының мүддесін көп қорғайтынын түсіндім. Неужели осы мәселені жергілікті деңгейде шешуге болмайды? Или телевидение немесе жоғарғы органдарға жазу керек па? Менің сұрақтарыма жауап, мәселемді шешіп беруіңізді өтінемін
    Жауап күні:
    25 шілде, 2018 - 17:15
    Жауап:
    Қ.С.Байменоваға Қазығұрт көшесі, 22 үй, Айтей ауылы, Қарасай ауданы Құрметті Құралай Сауранбекқызы! Сіздің, Қарасай АІІБ-ның қызметкерлерімен ұрлық дерегімен қозғалған қылмыстық іс бойынша тиісті шара қолданылмай жатқандығы туралы жазған өтінішіңіз, қаралды. Сізге белгілі болғандай, 14.07.2018 жылы Қарасай АІІБ-ның тергеушісі З.Әліқұловпен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабымен тергеп-тексеру басталып, ол бойынша қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Тергеп-тексеру нәтижесінде қабылданған шешім бойынша Қарасай АІІБ-ның қызметкерлерімен хабарланатын боласыз. Осыған орай, жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру жұмыстарына прокурорлық ықпал ету актісін еңгізуге негіз жоқ. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 71 бабына сай, Сіз өзіңіз тергеу жүргізу органдарына тиісті тергеп-тексеру амалдарын жүргізуге өтініш жасасауға құқылы екендіңізді түсіндіремін. Қарасай ауданы прокурорының міндетін атқарушысы Д.Досмуханбетов орындағын Б.Үрістембеков. тел. 8 (72771) 2-16-93
  • Сұрақ №: 43136
    Дата: 25.05.2018 20:03:49
    Аты-жөні: Есимбаева Кулаиша
    Сұрақ:
    АРЫЗ 2017 жылдың ақпан айында Алматы қаласы, Бөлтекұлы, 6/3-үй тұрғыны Усембаева Шаймбубі менен сеніміме кіру арқылы, алаяқтық жолмен қарызға 680 000 (алты жүз сексен мың) теңгеге алтын бұйымдарды қарызға алып, әр айдың 25-інде 30 000 теңгеден беріп отырып, 230 000 мың теңгесін қызым береді, бермесе өзім қайтарып беремін деп алдап, осы бүгінгі күнге дейін не ақшамды толық қайтарып, не алтын бұйымдарды қайтарып бермей отыр. Алайда Усембаева Шаймбубі де, оның қызы да осы уақытқа дейін өздерінің міндеттерін орындамай, менің ақшамды қайтарудан қашқақтап жүр. Ш.Усембаевамен мына ұялы телефон нөмірлері арқылы 8 775 733 94 40 хабарласып тұратынмын. Бірақ Ш.Усембаева қарызды қайтармау мақсатында аталған телефон нөмірлерін өшіріп тастап, қашқақтап жүр. Осы Усембаева Шаймбубінің алаяқтық жасап, алдап арбауының салдарынан маған жалпы соммасы 680 000 (алты жүз сексен мың) теңге материальдық шығын келтірілді. Жоғарыда айтылғандар негізінде, ҚР ҚК-нің 190-бабымен көзделген қылмысты жасаған Усембаева Шаймбубіні қылмыстық жауапкершілікке тартуыңызды сұраймын.
    Жауап күні:
    31 мамыр, 2018 - 16:01
    Жауап:
    К.А.Есимбаеваға Құрметті Кулайша Айдархановна! Казақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына түскен арызыңыз «жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау тәртібі» жөніндегі Заңының 7 бабының талаптарын сәйкес Алматы қалалық прокуратурасына негізінен қарау үшін жолданады. Қабылданған шешім және қолданылған шаралар бойынша жоғарыда көрсетілген органмен хабарланатын боласыз.
  • Сұрақ №: 42929
    Дата: 18.05.2018 21:43:16
    Аты-жөні: Чаушева Жумагул
    Сұрақ:
    Салеметсиздерме. Алматы облысы ,Иле ауданы ,с/т Дружба 244 адрес бойынша аке-шешем турады.16.05.2018 жылы коршимиз жеримизди зансыз тартып алды.Коршауымызды бузып ,менин жерим деп коршап алды.Биздин документтеримиз толыктай бар .Соган карамастан тартып алды Не истесек,Кайда барсак болады ?
    Жауап күні:
    24 мамыр, 2018 - 15:24
    Жауап:
    Ж. Чаушеваға прокурор блогына Құрметті Чаушева Жумагүл! Сіздің меншік құқығын қорғау туралы прокурор блогына келіп түскен арызыңыз аудан прокуратурасымен қаралды. ҚР Азаматтық кодексінің (ары қарай мәтін бойынша - Кодекс) 188-бабының 1-тармағына сай меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Кодекстің 260 және 264-баптарына сәйкес меншік иесі өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін және де өз құқығының бұзылуының қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы. ҚР Азаматтық процестік кодексінің 7-бабы 1-тармағы бойынша азаматтық істер бойынша сот төрелігі тек қана сотпен жүзеге асырылатындықтан, Сізге жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша даулы мүлік тіркелген жергілікті сот органына азматтық процестік заңнама талаптарын сақтай отыра, шағымдану қажет. Іле ауданының прокуроры Е. Молдахметов орын. Тазабеков Н. тел.8-72752-21389
  • Сұрақ №: 42732
    Дата: 13.05.2018 16:38:13
    Аты-жөні: Кожамкулов Ербол
    Сұрақ:
    Алматы облысының прокуроры Жылқыбаев А.С. мырзаға Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округінің тұрғындарынан және Крыкбаева Шынар Ураловнадан кт.87474073266 Арыз. стр. 1 из 10 Біздің арыз жазу себеміміз, 2018 жылдың 06 мымыр күні 6 жасар баламыз Марат Арсеннен айырылып қалдық. Іргелі ауылдық округінің қарасты Кемертоған ауылында орналасқан ТОО «Медеу Коммерц» Крестянское хозяйство АКХ КазМИС земельный участок 2940 фермасының қорғаны дұрыс қоршалмаған, нәжіс су жиналған сайға (терең шұңқырға) баламыз ойнап жүріп абайсызда түсіп кетіп қайтыс болды. Жанындағы тұрғындар өз балаларын осы жерде ойнап жүрген жерлерінен талай алып кеткен екен (осы ауылдың ата-аналары растап отыр), ит қорыған жерге өш демекші, балаларымызды қанша жібермейік десек те айналасы ашық шашық жерге ойнауға кетіп қала береді. Қазіргі таңда бір шетін ғана жауып қойыпты. Бірақ, біз баламызды тауып алғанда қорғаны құлап ашық жатқан, нәжістері толып сыртқа ағып жатыр. Ферманың қорғаны жоқ бөтен біреулердің жері де нәжістерге толып жатыр. Бала түгілі үлкен адамда батып кетеді. Осыдан біраз бұрын тағы бір бала нәжіске түсіп, абырой болғанда дер кезінде құтқарып қалдық. Ферманың айналасындағы халық мүнкіген иіспен балаларына алаңдап өмір сүруде. Тағы да біреулердің балалары түсіп зарлап қалмасына кім кепіл. Тезірек шара қолдануларыңызды СҰРАЙМЫЗ. Бұл істі аяқсыз қалдырмаймыз. Арызға қол қоюшылар тізімі мен фотосуреттер астында көрсетілді:
    Жауап күні:
    17 мамыр, 2018 - 17:13
    Жауап:
    Ш.У. Қрықбаеваға Сіздің «Медеу-Коммерц» жекеменшік шектеулі серіктестігіңізге шара қолдану туралы жазған арызыңыз қаралды. Анықталғаны, 06.05.2018 жылы кәмелетке жасқа толмаған А.Мараттың қайғылы оқиға фактісі Қарасай ІІБ-нің біріңғай жүйеге енгізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сол себептен, Сіздің аудан прокуратурасына жазған арызыңыз, Қарасай ІІБ-нің біріңғай жүйеге енгізілген №181952031001497 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру құжаттардың шеңберінде тиісті шешім қабылдау үшін жолданған. Егер, Сіз осы жауаппен келіспеген жағдайда оны жоғары прокуратурасына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екендігін түсіндіреміз. Қарасай ауданының прокуроры Ж. Аязбаев ? Кенжебекулы Б. ( 2-16-93
  • Сұрақ №: 42544
    Дата: 03.05.2018 17:17:30
    Аты-жөні: Амангельдиев Серик
    Сұрақ:
    Салематсызба! Менин анам Дусчанова Гулхумар Жумабаевна 20.09.1974 ж , 09.04.2018 ж Алматы каласына келеди жане сол куни танертен сагат 9:00 дан кете дукенге деп шыгып сол куйи кайта оралмады ис туссиз жогалып кетти , Иле ауданы ишки истер болимине арыз жаздык, издеп жатырмыз дейди бирак натиже жок, тек барлык жерге оринтировка берип койдык дейди, сизден де баска жумыстарымыз бар деп кайтарады, неге олай айтып отырмын себеби анам Озбекистан азаматы, келу максаты ыхтияр хатын аламын деп келген, каланы билмейди, туыскандарымыз коп емес олардын да уйин билмейди, сол жумысты карастыруга комек берсениз, барлык жерге шагымданып жатырмын, отиниш комектессениз!!!
    Жауап күні:
    5 мамыр, 2018 - 17:46
    Жауап:
    Құрметті Серик Сапаргельдиулы! Сіздің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының блогына жазаған, 1974 ж.т. анаңыз Г.Ж. Дусчанованың іс-түссіз жоғалып кету фактісі бойынша полиция қызметкерлері шара қолданбай жатқандығы туралы арызыңыз, Алматы облысы Іле ауданының прокуратурасымен қаралды. Анықталғаны, 09.04.2018 жылы сағат 09.00 шамасында Сіздің анаңыз Іле ауданы, Боралдай кенті, Суворов көшесінде орналасқан №20 үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қазіргі таңда, Г.Ж. Дусчанованың із-түссіз жоғалу фактісі бойынша Іле АІІБ-мен 05.05.2018 жылы №18196803420007 санымен іздестіру ісі ашылған. Аталған іздестіру ісі бойынша, аудан прокуратурасы тарапынан іздеу жұмыстарын жандандыру және күшейту мақсатында нұсқау беріліп, іздестіру жұмыстарының орындалуы бақылауға алынды. Аудан Прокурорының м.а. М. Баяхметов орынд. А.Данилов

Беттер