Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 46234
    Дата: 21.09.2018 14:20:57
    Аты-жөні: Муратхан Серик
    Сұрақ:
    Сізге төмендегі сұрақтарды қойғым келеді: Бірінші: Қытай Халық Респубилкасының 2017 жылдан бергі сол елдегі жасап отырған саясатына байланыты көптеген отбасылар Қытай-Қазақстан екі жағында бөлініп қалып отыр. Соның кесірінен көптеген камелет жасқа толмаған балалар, Қазақстанда тауған,Қазақстан азаматы болып саналатын балалар ата-наларынан айырылып,қамқошысы жоқ қалып жатыр. Сіздер бас прокуратура тарапынан осы құқы тапталған балалардың жане екіге бөлінген отбасылардың құқын қорғау үшін қандай қадам жасадыңыздар? Жане алда қандай жұмыстар істеу жоспарларыңызда бар? Екінші: Қытайдың шыңжаңдағы қазақтарды қысымға алуына байланысты белсенділік танытып жатқан « Ата жұрт еріктілері» деп аталатын топ "Халқаралық ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз!"дегенмен де ел ішінде әрүрлі асыра сілтеу науқанын,Қытай-Қазақстан арасындағы байланыстың ушыққанын қалайтын сыяқты әсер қалдыруда. Олар елге келген Қазақтар арасында араздық тудыруға,жікке бөлуге де әрекет етіп жатқан сыяқты. солардың біразі әртүрлі әлеуметтік желілерде жалған аттармен шығып,жалған атпен каналдар ашып,кейбірі тіпті мақалалар жазып,"қытай сатқыны,қытай шпионы" дегенді ойлап тауып,араздық өртін үдетуде. https://atajurtjastar.com/kz/index.php/en/janalyh/item/284-aza-standa-khuachiau-bolyp-zh-rgender-bar Юутуб әлеуметтік желісінде әртүрлі анықталмаған арандату сыйпатындағы ахпараттар таратуда. facebook.com әлеуметтік желісінде өзін Azat Erkin деген атпен тіркеген әлеуметтік желі қолданушы қытай қазақтарында "15-45 жас аралығында зорланбаған қыз қалған жоқ!!" деп жазса,енді бірде " қолдарыңа қару беретін болса қытайға қарсы соғысасыңдарма?" деп сауалнама жасауда!!! anar atabay, Arman Marat, Мадина Сакен,Гала найман, Халима Арман, Azat Erkin,Juldyz AiSeri,Абдраш Айғаным,Арман Марат аттарымен әртүрлі жалған ахпараттарды таратуда. Оны осы аталған жалған аккуанттардың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан көруге болады. whatssapp желісінде жүздеген топтар құрылып,әртүрлі расталмаған ахпаратты таратып,жұртты одан ары ашындырып араздықты ушықтыруға әрекет етуде! Ашық радикал қимылға үндеуде.жарқын жеті деген атпен белгі Серікжан Білаш деген «Ата жұрт еріктілері» санайтын азаматтың кесірінен қытайда көптеген қазақ азаматтарының өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айырлғаны жайлы Жаркент қаласында өткен "Сайрагүл соты" аталған атышулы сот отырсында айтылды. https://www.youtube.com/watch?v=kimmSqdi0DQ (19:00 минутынан бастап тыңдаңыз). сонымен бірге Осы Серікжан Білаш "Қытайдағы Қазақтардың еркек кіндіктері түрмеде,әйелдерін шетінен қытайлар зорлап жатыр!" деген ахпарат таратты. https://www.youtube.com/watch?v=7PKY_ur4AH8&feature=youtu.be (5:00 миунттан бастап тыңдаңыз.) сонымен бірге өзіне қарсы пікір айтқан адамдарға қорқыту,үркіту жасауда. https://www.facebook.com/njoldasbaeva/videos/135692024045342/UzpfSTEwMDAyODA0NzYwNDA4NToxNDA3Nzk5MDAyMDAyNjM/ Бұл өз кезегінде сондағы екі миллион қазақтың,жане осындағы 200 мыңдай олардың туыс-туғандарының ар-намысын қорлау болып есептеледі. Алдағы уақтта қытай саясаты өзгеріп, қытай елінен қазақтар көшіп келе бастаса осындағы жұрттың оларға деген көзғарасы өзгеріп,осы айтылған жалған ахпараттар араздыққа себеп болу мүмкін!! Сондықтан осы екі үлкен мәселені ҚР әділет минстірлігі ескере отырып, шетелдегі қазақтарды «құтқарамыз!!» деп керсінше ушықтырып,керсінше қорлап жатқан «Атажұрт жастары» ұйымының ҚР әділет минстірлігінде тіркелген-тіркелмегенін,олардың жұмыстарының заңды-заңсыз екеніне құқықтық баға берулеріңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    26 қыркүйек, 2018 - 16:52
    Жауап:
    С.М.Муратханға ------------------------------------- ҚР Бас Прокурорының Блогі Құрметті Серик Муратхан! Қала прокуратурасымен Сіздің әлеуметтiк және ұлттық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша жазған арызыңыз қаралды. Сіздің арызыңыз жанжақты толық тексеріліп, шара қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша Департаменті мен Алматы облысы бойынша Ішкі істер Департаментіне жолданды. Арызыңызды қарастыру нәтижесі Сізге аталған құқық қорғау органдарымен заңмен белгіленген мерзімде хабарланатын болады. Сонымен қатар, қосымша деректер болған жағдайда, аталған құқық қорғау органдарына хабарлауыңызға қажет. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз облыстық прокуратурасына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар. Қала прокуроры А.Пашаев Орын. Б. Қалқабаев 8(7282)24-71-85
  • Сұрақ №: 46156
    Дата: 19.09.2018 11:23:00
    Аты-жөні: Муратхан Серик
    Сұрақ:
    Сіздерден өтінерім соңғы жылдардағы қытай қазақтарның проблемасына байланысты әлеуметтік желіде жазған «Бәрін байыптылықпен сыртқы істер минстірлігі арқылы, еліміз үкіметі арқылы заңды түрде арызданып шешейік»- деген сөзіме қарсы болған бір топ «ұйғыр,тайван ұйымдарымен бірге қимылдауға болмайды»- деген жеке азаматтық пікірім үшін мені осы топтағы адамдар интернет бетінде белгісіз аккуанттар ашу арқылы мені "қытай сатқыны,қытайдан ақша алу арқылы қытайға қызмет етіп отыр!! "деген өсек таратып,нақты ахпараттан бейхабар қарапайым халықты маған қарсы қойды. олар әлеуметтік желіде мен жайлы әртүрлі адамдарға сөз сөйлетіп,оның аудиосын,видеоларын ютуб каналына салып,менің менің жеке басыма,ата-анама тіл тигізуде. олар шығарған видеолардың соңына әртүрлі жалған аттармен,аккуанттармен келіп пікір жазып,мені,жане ата-анамды қорлауда. тіпті маған Серикжан Бияш атты топтың белсендісі телефон соғып,7 жастағы қызымды жане 76 жастағы әкемді өлтіретінін айтып қорқытты. осы жайлы ішкі істер бөліміне арыз жазып едім. олар іс қозғауға келмейді деп жауап берді. сіздерден Серикжан Бияш бастаған топтың маған жасап отырған жалалы шабуылдары тоқтатуға,олардың интернет,әлеуметтік желі арқылы менің іскерлік беделіме зиян жеткізіп,балаларыммен,ата-анамның ел-жұрт алдында жазықсыз жалалы болуына тосқауыл қоюларыңызды сұраймын. https://www.youtube.com/watch?v=3pphRHOtOZg&t=1s https://www.youtube.com/watch?v=pqpsnQCGlVc&t=502s жоғардағы видеода сөйлеуші Серикжан Бияштың тапсырысын орындаушы,жане өзгелерге еш дәлел-факітсіз жала жабушы Нұрқан сұлтанбай деген адам. Тел:+77023190461 https://www.youtube.com/watch?v=3pphRHOtOZg&t=1s https://www.youtube.com/watch?v=-LyS0bemJ0k +77474886013 +77473013808 Әртүрлі атпен жалған жала жабатын жоғарыдағы адамдар нөмері +77470639031 осы адамдарды ұйымдастырып,өзіне өзгеше пікір айтқан адамдарға «қытай шпионы,қытай жалдамалылары» деп жала жауып,жұрттың арасына анықталмаған ахпарат тарату арқылы елге жала жабатын Серикжан Бияш деген адам. Жоғарыдағы жағдайларды тексеріп,зерттеп,жазықсыз жалалы болған азаматтарға құқықтық баға береді деп сенемін. Серик Муратхан
    Жауап күні:
    21 қыркүйек, 2018 - 09:38
    Жауап:
    С.Муратханға ------------------------------------- ҚР Бас Прокурорының Блогі Құрметті Серик Муратхан! Қала прокуратурасымен Сіздің әлеуметтiк және ұлттық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша жазған арызыңыз қаралды. Сіздің арызыңыз жанжақты толық тексеріліп, шара қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша Департаменті мен Алматы облысы бойынша Ішкі істер Департаментіне жолданды. Арызыңызды қарастыру нәтижесі Сізге аталған құқық қорғау органдарымен заңмен белгіленген мерзімде хабарланатын болады. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз облыстық прокуратурасына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар. Қала прокуроры А.Пашаев Орын. Б. Қалқабаев 8(7282)24-71-85
  • Сұрақ №: 45864
    Дата: 05.09.2018 17:42:16
    Аты-жөні: Ерназаров Шарапат
    Сұрақ:
    Ассалаумағалейкум!Менің қояр сұрағым 1 жыл бұрын үйім тоналған болатын,1500000 затын ұрлап кеткен болатын ішінде алтын,бриллиант,телефон,шуба және ақша болды,полициядан келді арыз жаздым бәрін тексеріп қолтаңбаларды алып кетті және 10 жасар қыз бала ұрыларды үйден шығып бара жатқанын көргенін айтты,түр-түстерін айтып берді,полиция қызметкерлері суреттерді көрсеткенде ішінен екеуін танып көрсетіп берді,екеуі бұрыннан ұрлықпен сотталғандар екен алып келгенде куәгер танып киімдерінде ауыстырмағанын айтып берді,сонымен оларды алып кетті хабарласамыз деп бірақ ешқандай хабар болмады,сосын 1 айдан соң өзім іздеп бардым сөйтсем олар кінәларын мойындамады деп сол күні жібере салыпты,куәгердің айқаны барғой десем ол кішкентай қыз куәгерлікке жарамайды дейді,содан бері хабар жоқ,өзім сұрастырып көрсем менің деломды ешқандай тергеушіге де бермепті сол күйі жауып тастапты,бұдан шығатын қорытынды ұрылармен ауыз жаласқан болып отыр ғой,өйткені біз тұратын Қарасу ауылында 200-250 дей үй бар соның 100 шақтысына ұры түсті әлі бірде біреуі ұсталмады бұл мүмкін емес жағдай ғой,1 рет прокуратураға жазғам сізге міндетті түрде ІІМ бөлімінен жауап беріледі деген ешқандай жауап жоқ,маған мына ЕРДР 171968031003699 номерін берген полицияға барсам ешқайсысы білмейді ,болды ол ұрыларды таппайсың бәрібір дейді не істеуге болады ұрылармен ауыз жаласқандарын қашан қояды екен!!!!!!!!!!
    Жауап күні:
    4 қазан, 2018 - 19:22
    Жауап:
    Құрметті Шарапат Жусенович! Облыс прокуратурасы сіздің, ұрлық дерегі бойынша тіркелген қылмыстық істің созбалаңға салынуы туралы жазған арызыңызды, қарады. Сізге мәлім болғандай, 21.08.2017 жылы Г.Копееваның арызы негізінде Іле ауданының ІІБ-мен ҚК-тің 188-бабының 2-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тергеу органымен жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның анықталмауына байланысты тергеу мерзімін үзу туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешімнің заңдылығын зерделеу нәтижесімен 14.09.2018 жылы Іле ауданының прокуратурасымен аталған шешім бұзылып, іс бойынша бір қатар қажетті тергеу амалдарын жүргізуге жазбаша нұсқау берілді. Қазіргі таңда, қылмыстық іс өндірісте, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қабылданған шешім бойынша сіз тергеу органымен хабарланатын боласыз. Облыс прокурорының орынбасары М. Әбдірахманов орынд. Ж.Сулейменов тел.: 8 /7282/ 24 17 53
  • Сұрақ №: 45171
    Дата: 06.08.2018 11:35:43
    Аты-жөні: Ошакбаев Аманбек
    Сұрақ:
    Уважаемый прокурор просим Вас. Я обращаюсь от себя и жителей поселка Жармухамбет Карасайского района. Дело резонансное поселок находится на границе с Илийским районом разделяет нас малая речка. Дело в том, что жители Илийского района дачные массивы меняют русло реки, они нанели экскаватор и перекопали улицу Кажымукана п.Жармухамбет тем самым парализовав передвижение машин в том числе Скорой. Вот уже с 19 Июля 2018г. В начале обманным путем перекопали улицу под предлогом чистки и ремонта старого русло реки передвинув ее на 15м в сторону Карасайского района, теперь же хотят оставить речку перед нашими домами без изменение.
    Жауап күні:
    8 тамыз, 2018 - 17:42
    Жауап:
    Ошакбаеву А.Б. ----------------------------------- Блог Генерального Прокурора Республики Казахстан Ваше обращение поступившее с Блога Генерального Прокурора, о принятии мер кассательно изменения русла реки в п.Жармухамбет, Карасайского района, рассмотрено. Сообщаем, что Ваше обращение для рассмотрения по подведомственности направлено в акимат Карасайского района и Балхаш-Алакольскую бассейновую инспекции по регулированию использования и охраны водных ресурсов. О принятых мерах Вам будет сообщено дополнительно работниками уполномоченных государственных органов. В случае не согласия с данным ответом, Вы имеете право в порядке ст.12 Закона Республики Казахстан «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» обжаловать его вышестоящему прокурору либо в суд. Прокурор района Ж. Аязбаев @ Дюсупов Е. ( 2-16-93
  • Сұрақ №: 44772
    Дата: 20.07.2018 12:36:37
    Аты-жөні: Байменова Құралай
    Сұрақ:
    Алматы облысы Қарасай ауданының Прокуроры Д.А.Аязбаевқа Қарасай ауданы, Айтей ауылы Қазығұрт көшесі 22 тұрығыны Байменова Құралай Сауранбекқызынан Тел: 87021908610 kura_83@mail.ru Өтініш Мен, Байменова Құралай Сауранбекқызы Қарасай ауданы ішкі істер бөліміне өте өкпелімін. Себебі Қарасай ауданы ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері менің құқығымды қорғамайды. Мәселен, 2018 жылы 11 мамыр айында 4 бас жылқы құлынымен ұрланған туралы жергілікті полицияға өітініш жазған болатынмын. Өтініште ұрлау, қорқыту (угроза) және өзгенін мүлкімен өзінше басқару (Самоуправство) деп жазған болатынмын. Жағдай былай болды биелер күндіз сауында тұрады, түстен кейін сағат 4-ен өтте жолдасым малды жайылымдық жаққа айдап, мал бағып жүрген бадашыға тапсырады. Қарайласып түріңізші үйге барып қайтайын деп айтып кетеді. Бір қоңырау шалып малдар аман есен тұрма дегенде, жылқыларың қойған жерінде жайылып жүр деп айтқан. Салден сон мал бағып жүрген кісі звандап, Самат сен ба? малдарды көк- шаңын шығарып малдарды айдап бара жатқан деп айтады. Жолдасым үйден шығам дегенше дейін, айдап кеткен ұры жылқыларды айтей территориясынан шығарып тастайды. Алик деген есімді азаматты тауып алып, сұрайды, малды қайда айдап тастадын. Алик деген есімді азамат өз малынды өзін тауып ал деп балағаттап, малды қай бағытқа айдап тастағанын айтпады. Амал не, жолдасым түні бойы малды өзі іздеп, свалканың әр жағы үштерек бағытындағы үлкен құз, сайдың ішіне айдап тығып тастаған жерінен тауып алды. 4 күннен соң мен Қарасай ауданын ішкі істер басқармасының басшысының орынбасарынан менің өтінішім жанжал (скандал) ретінде тіркелгенін естідім. Неге менің өтінішім скандал болып тіркелген, скандал болатындай ешбір ұрыс керіс болан жоқ. Нағыз Самоуправство біреудің мүлкімен билік ету, қорқыту. Осы жағдайдан соң мен жеркілікті полиция қызметкерлері қарапайым халықтың мүддесін емес, керісінше ұры-қарының мүддесін көп қорғайтынын түсіндім. Өткені жергілікті полиция қызметкерлеріндің тарапынан ешбір іс-шара жасалынбады. Малды айдап бара жатқан көрген куәгерлер болсада, ешбір іс шара қолданбады. Қанша қоңырау шалып, сұрағанда мазамды алмаңыз деп жауап аламын. Жарайд бұл ісім жабылған қазан күйінде қалды. Енді осындай жағдайдан кейін жолдасым 4 бас жылқыны құлынымен күні түні көз алмай өзі бағып жүрді. 12 шілде айында жолдасым малдарды кешкі сауынан кейін сағат 21,00 шамасында далаға жайылымдық жерге жылқыларды айдап шығарады. Сағат сайын малдар алысқа жайылып кетпеу үшін, малдың басын бір қайырып қойды. Сол 12,07 -13,07 түні қарағанда, үйде құрылыс жүріп жатқан соң, 2 камаз тас түсіруге заказ берген болатынбыз. Сол түні заказ түнге 2 дейін түсірілді. Сол күні жолдасым үйге бетон құйған болатын күндіз. Екінші жағынан, сол күні қатты нөсерлеп жаңбыр жауған соң, жолдасым шаршағандықтан ұйықтап қалады. Азанда сағат 5 шамасында жолдасым жылқыларды айдап келуге барғанда, 1 құлын жоқтығын байқады. Ауыл арасына кіріп кеткен шығар деп кешке дейін әр үйге кіріп мал қорасы болса соның ішін қарап, бүкіл ауылдың аузы ашық септиктерді, арықтарды, мал жайылым жердегі сай-сайларды кешке дейін қарап шықты, құлын табылмады. Егер құлын ауылдың ішінде болса, бие кісінесіп тауып алар еді. Құлынын ұрланғанын түсініп кешкі сагат 18,00 шамасында 102 хабарлап мал ұрланған деп өітінш тастадым. Жергілікті полиция қызметкері майор полиции Қалмаханов Нұржан келіп бар жағдайды түсіндіріп айттық. Сол түні свалка жақтағы фазендаде 1 айғыр 1 бие құлынымен қазықталып тұрған жерінен ұрланған болатын. Малдың иесі Жантілеу аға азанда звандап малдарының ұрланғанын айтты. Полиция қызметкерімен бірге барып Жантілеу ағаданда ауызша түсініктеме алды. Не болсада куәгерлерді іздедік, не болсада, арпа егіндігін күзетшісі көруі мүмкін, өткені түні бойы сол егіндікті қарауылдайды. Полиция қызметкерімен бірге екінші полиция қызметкері келіп, аты-жөні Сапахов Мырзабек егіндік күзетшісін тауып алып, опорный пунктқа апарды. Егіндік күзетшісі Алтынбек деген азаматтан полиция қызметкері жауап (допрос) алды. Алтынбек деген күзетші біздің құлынын мойнына Алик құрық салып жатқанын көргенін барлығын айтты. Соттада дәлелдеп берем деп полиция қызметкерлердің көзіншеде айтты. Полиция қызметкерлері Алик деген азаматтың ешбір төл-құжатты жоқтығын, деректер қорында тіркелмегендігін анықтады. 14.07-15.07 Алик ауылдың ішінде мал бағып жүрді. Полиция қызметкеріне звандап неге қамамадындар деп сұрағанда, ол мүгедек, мүгедектерді қазір қамамайды деді. Сонда ешбір жерде тіркеуі жоқ, 40 жасқа дейін жеке басын куәландыратын құжатты жоқ азаматты, кім мүгедек деп таныды. Менде сұрақ - Қандай мемлекеттік мекеме бұл кісіге мүгедектігін анықтап берген? . 40 жыл санақта жоқ адам, әрине білгенін істейді. Аликтың бізге айтқаны, маған ештене істей алмасындар полициямен байланысым бар, прокуратурада күйеу балам бар деген. Осыған қарағанда жергілікті полициямен байланысы болып тұрғандығын деп түсінемін. 16.07.2018 қарасай ауданының ішкі істер басқармасының басшысы Асхат Даниярұлы Даниярға сағат 15.00 приемға жазылып бар жағдайды айттым. Осы уақытқа дейін, ешбір нәтиже көріп тұрған жоқпын. Следователь келіп ешбір зерттеу жасаған жоқ. Айтей ауылында қарапайым халықтын жыл сайын қаншама малы ұрланады, бірақ ұрыны таппайды. Таппа тал түсте малдарды жайылымнан сойып алып кеткен жағдайларда болды. Осы Алик және оның ағасы Ерик (Моңғол) деп атайды, ауылдың малдырын осылар ұрлап отыр, қанша қамалсада, полиция көмегімен шығып кетеді. Осыған қарап, мен жеркілікті полиция қызметкерлері қарапайым халықтың мүддесін емес, керісінше ұры-қарының мүддесін көп қорғайтынын түсіндім. Неужели осы мәселені жергілікті деңгейде шешуге болмайды? Или телевидение немесе жоғарғы органдарға жазу керек па? Менің сұрақтарыма жауап, мәселемді шешіп беруіңізді өтінемін
    Жауап күні:
    25 шілде, 2018 - 17:15
    Жауап:
    Қ.С.Байменоваға Қазығұрт көшесі, 22 үй, Айтей ауылы, Қарасай ауданы Құрметті Құралай Сауранбекқызы! Сіздің, Қарасай АІІБ-ның қызметкерлерімен ұрлық дерегімен қозғалған қылмыстық іс бойынша тиісті шара қолданылмай жатқандығы туралы жазған өтінішіңіз, қаралды. Сізге белгілі болғандай, 14.07.2018 жылы Қарасай АІІБ-ның тергеушісі З.Әліқұловпен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабымен тергеп-тексеру басталып, ол бойынша қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Тергеп-тексеру нәтижесінде қабылданған шешім бойынша Қарасай АІІБ-ның қызметкерлерімен хабарланатын боласыз. Осыған орай, жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру жұмыстарына прокурорлық ықпал ету актісін еңгізуге негіз жоқ. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 71 бабына сай, Сіз өзіңіз тергеу жүргізу органдарына тиісті тергеп-тексеру амалдарын жүргізуге өтініш жасасауға құқылы екендіңізді түсіндіремін. Қарасай ауданы прокурорының міндетін атқарушысы Д.Досмуханбетов орындағын Б.Үрістембеков. тел. 8 (72771) 2-16-93

Беттер