Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 50585
    Дата: 03.10.2019 10:15:34
    Аты-жөні: Иманбаева Жазира
    Сұрақ:
    Құрметті Прокурор мырза! Мен Жамбыл Облысы Меркі ауданының Андас -батыр ауылының тұрғыны Иманбаева Жазира Достаевна 24.12.1982 жылы дүниеге келгем. Сізге өтініш қалдырамын. Өтініш қалдыру себебім 2015 жылы 16 - шы маусым күні Меркі ауданы Андас-батыр ауылының Қарпық - батыр №53 үйдің тұрғыны Молдырайимов Асхат Фермаханұлы азаматқа яғни (көрщім) келісім бойынша үйімнің ауласына жаңа дарбаза (варота) қойып беруді ұсындым. Сол күні келісіп мен үйіне қаражатымды апарып бердім төртжүзмың теңге (400000 т). Сол аталған күннен бастап үйінің табалдырығын тоздырумен болдым. Соңында 2019 жылы ) Қаңтар айынан бастап Алматыға қашып кетті. Көрген-білгендерден сұрастыруым бойынша Алтын - орда маңында және Іле ауданында жұмыс жасап жүр дейді. Осы айтқан жалдамалы дарбазалар т.б. жасаумен айналысады екен. Сізден өтініш осы аталған аймақтарды іздеу шарасын бастап ,қылмыстық іске тарту алаяқтық пен напақасын тауып жүргені үшін, осы азаматқа іздеу жариялаймын. Себебі үш баланың анасымын мені осындай жағдайға отырғызып кеткені қынжылтады. Өтінішімді қабылдап қандайда бір шара қолданатыныңызға сенім артамын.
    Жауап күні:
    11 октября, 2019 - 15:40
    Жауап:
    08.10.2019 № 2-04-19-16412 Құжатты дайындаған: Татиев Жандос Дюсембекович, 7282211@prokuror.kz Құжатқа қол қойған: Амиров Рашид Амирович, 08.10.2019 09:39:47 Ж.Д.Иманбаеваға Сіздің арызыңыз негізінен қарау үшін Жамбыл облысының прокуратурасына жолданды. Қабылданған шешіммен Жамбыл облысының прокуратурасы Сізге хабар беріледі. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Р.Әміров орын.Ж.Татиев тел.24-17-80
  • Сұрақ №: 50542
    Дата: 25.09.2019 22:02:37
    Аты-жөні: Альмуканова Улболсын
    Сұрақ:
    Мен, Альмуканова Улболсын Уаритиллаевна 2017 жылдың көктем айында Алматы обласы, Талгар ауданы Ішкі Істер Басқармасына Mersedes Benz ML-320, мемлекеттік номері 178 NBA 05 автокөлігіме жалған сенім хат жасап алған Төрехан Жасұлан деген азаматтың үстінең арызданған болатынмын. Алайда, арадан екі жарым жыл өтседе, Талғар ауданының полиция басқармасының тергеушісі Канадилов Серхан – істің тергеуін сапасыз жүргізіп отыр. Төрехан Жасұлан аталған автокөлікті 27.02.2015 жылы Құрманбеков С.Қ. деген нотариустың бекітуімен - бір жыл мерзімге берілген жалған сенімхат арқылы 2017 жылдың наурыз айында Ерик Матин деген азаматқа мерзімі өткен сенімхатпен амалын асыруға жағдай жасап берген (СпецЦОН) адамдарды іздеп тауып, тиісті сараптамаларды тергеуші Канадилов Серхан жасамады. 05.09.2019 жылы маған тергеуші Канадилов Серхан смс жазып және қоңырау шалып, жұбайымыз екеумізді очный ставкаға шақырды. Алайда, менің көкірегімнең итеріп: «Сен коридорда тұр, саған кіруге болмайды» деп дөрекі сөйлеп, есігін жауып алды. Сағат 19:30-дан 23:00-ге дейін коридорда тұрдым, бейнекамера куә. Құрметті прокурор мырза, жоғарыда баяндалып отырған істің тергеуін қатаң бақылауға алуыңызды сұраймын!
    Жауап күні:
    7 октября, 2019 - 17:26
    Жауап:
    27.09.2019 № 2-04-19-15829 Документ подготовил: Желдибаев Аскар Саятович, 7282308@prokuror.kz Документ подписал: Тойжан Марат Серікұлы, 27.09.2019 10:20:57 У. Альмукановаға Қазақстан Республикасы Сіздің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Блог-платформадан келіп түскен, Талғар ауданы ПБ тергеушісі С.Канадиловтың әрекетіне қатысты шара қолдану жөніндегі арызыңыз Талғар ауданының прокуратурасына қарау үшін жолданғанын хабарлаймыз. Облыс прокурорының бірінші орынбасары М. Тойжан орын. Желдибаев А. тел.: 8 /7282/ 24 17 53
  • Сұрақ №: 50459
    Дата: 09.09.2019 16:28:51
    Аты-жөні: Абитаева Меруерт
    Сұрақ:
    Құрметті Азамат Сембайұлы! Жеке кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" заңнамасының сақталуын тексеру парағы күшінде ме? Алматы облыстық прокуратурасында ҚР "Тілдер туралы" заңының орындалуын қадағалайтын арнайы бөлім бар ма? Жалпы, соңғы үш жылда жұртшылық тарапынан тілге қатысты арыз-шағым түсті ме?
    Жауап күні:
    7 октября, 2019 - 18:10
    Жауап:
    01.10.2019 № 2-04-19-16013 Документ подготовил: Шойбеков Бакытжан Абайулы, 7282162@prokuror.kz Документ подписал: Амиров Рашид Амирович, 01.10.2019 16:34:00 Абитаева Меруерт Муратбековна ҚР Бас Прокурорының Блогы Құрметті Меруерт Муратбековна! Сіздің тілдер туралы заңнаманың сақталуына қатысты арызыңыз Алматы облыстық прокуратурасы тарпынан қаралды. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 25-4-бабының талаптарына сәйкес тіл туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылатыны көзделген. Прокуратура органдарында тілдер туралы заңнаманың сақталуына қадағалау жүргізетін арнайы бөлім көзделмеген. Ал қажеттілік туындаған жағдайда тілдер туралы заңнаманың талаптарының сақталуына қадағалау жүргізу жалпы негізде жүргізіледі. Соңғы 3 жылдың көлемінде облыстық прокуратураға тілдер туралы заңнаманың сақталуына қатысты 1 арыз түсіп, ол мәні бойынша қаралып, арыз иесіне тиісті жауап берілген. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Р. Әміров орын. Б. Шойбеков тел. 24-17-80
  • Сұрақ №: 50341
    Дата: 19.08.2019 15:24:11
    Аты-жөні: Абдрахманова Бану
    Сұрақ:
    Салеметсизбе!Меним кояр сурагым борышкер Абдрахманов Аблай Алпысбпаевич алимент толемеи жургенне 2жыл болды.Талдыкоргандык жеке сот орындаушыларынын шамасы жетпей келди.Енди сол сот орындаушылардын лицензиясын алып таратып жиберипти.Меним докумеитермди кандаи сот орындаушыга берилгени белгисиз телефон номерлери алмаиды.Маган комектесулернзи сураимын!Озим Шымкент каласына кошип келдим реки кишкентаи баламмен Талдыкорганга бара алмаимын!
    Жауап күні:
    7 октября, 2019 - 18:29
    Жауап:
    26.08.2019 № 2-04-19-14031 Документ подготовил: Жабайханова Самал Жайлаухановна, 7282313@prokuror.kz Документ подписал: Абдрахманов Марат Шайхсламович, 26.08.2019 18:11:21 Құжатқа қол қойған: Абдрахманов Марат Шайхсламович, 26.08.2019 18:11:21 Б.Ә.Әбдірахмановаға ҚР БП Блогы 22.08.2019 жылы Бас Прокурордың блогына түскен (тір.№1-04000-19-32545) арызыңыз Алматы облысының әділет департаментіне қарау үшін жолданғанын хабарлаймын. Қаралу нәтижесі туралы аталған мекеме тарапынан Сізге жауап жолданатын болады. Облыс прокурорының орынбасары М. Әбдірахманов орын.С.Жабайханова тел.8 (7282) 24-17-78
  • Сұрақ №: 50319
    Дата: 16.08.2019 16:00:54
    Аты-жөні: Жаканова Нуржан
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе мен Жаканова Нұржан Акперходжаевна жеті жыл бұрын Сагинбеков Алтынбек Абдыкадыровичқа деген кісімен бас қосқан болатынбыз,бірақ заңды некеге тұрған жоқпыз.Екеуміз бірігіп екі бөлмелі времянка тұрғызып сол жерде тұрдық.Ортақ баламыз жоқ. Сағинбеков Алтынбек сол жерді менің атыма завещание жазып қойған.Завещание және уйдің документі сандықта тұрған жерінде баласы Сагинбеков Дәурен сандықты бұзып алып кетті.Қазіргі уақытты баласы менен документті қайтару үшін 1000000 тг сұрап отыр.Мен тұрғылықты жердің учаскелік полициясына арыз жаздым, бірақ ешқандай жауап ала алмай отырмын.Жолдасымның қырқы өткен жоқ, мені ұлы үйден кетуімді талап етіп отыр.Сізден осы іс аяқсыз қалмайды деген үмітпен жауап күтемін.
    Жауап күні:
    7 октября, 2019 - 18:33
    Жауап:
    26.08.2019 № 2-04-19-14033 Документ подготовил: Алтынбеков Рауан Сериккалиевич, 7282213@prokuror.kz Документ подписал: Тойжан Марат Серікұлы, 26.08.2019 18:21:27 Документ подписал: Тойжан Марат Серікұлы, 26.08.2019 18:21:27 Талғар ауданы прокурорының м.а. А.А.Аянға Н.А.Жакановаға Негізінен қарау үшін Н.Жаканованың Д.Сагинбековке қатысты арызы жолданады. Қарау нәтижесі туралы арыз иесіне заңда көзделген мерзімде жауап беру қажет. Екінші мекенжайға мәлімет үшін және өтінішті Алматы облысы прокуратурасына берген кезде, оған аудан прокуратурасының жауабын қоса тіркеу қажет екенін түсіндіреміз. Қосымша: арыз 1 парақта. Облыс прокурорының бірінші орынбасары М. Тойжан орын.Алтынбеков Р.С. тел.24-17-53

Беттер