Қасиететті Қаратал

27 May 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тарихи   тамырын  тереңнен алатын  Қаратал  ауданы  Алматы  обылысының  оңтүстік – шығысында орналасқан.

Аудан жері жазық, жартылай шөлейт болып келеді. Сонымен қатар, «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер, яғни  Қаратал өзені бойындағы топтасып өсетін тораңғы мен құмның көркі болып табылатын сексеуіл өседі.

Ауданнның жаз жайлауын таудың қоңыр аюынан бастап кекілікке дейін мекендейді. Қырында елік пен қоян, қасқыр мен түлкі жортады. Даласында қоян, мен дуадақ, жиделі тоғайында қырғауыл жорғаласа, өзен мен көлін қаз, үйрек, бірқазан, ал Балқаш көлін сазан, көксерке, бекіре, қаракөз, жайын, алабұға мекендейді.  

Қазақ елінің ұлан байтақ жеріндегі жер жаннаты Жетісудың жеті өзенінің бірі Қараталдың бойында орналасқан Қаратал өлкесі киелі жер. Бұл өңірден аты аңызға айналған салиқалы билер, ел намысын ту еткен батырлар, терең ойлы ғұламалар өтіп, бүгінгі күні 18 әулиеге кесенелер салынған.

 Қаратал өңірі қасиетті әулиелер мен батырлар мекені деп мақтанышпен айтылады. Осы қастерлі топырақта көреген көсем Ескелді, Балпық билер, Жолбарыс пен Қарымбай әулиелер, Мықтыбек пен Тілеуғұл, Кәшке мен Бақай батырлар, хас шешендер Айту мен Жәлменде билер кейінгі ұрпаққа, бабадан балаға мұра болып  «Қадірін білсең ар қымбат, бағалай білсең бар қымбат», «Ел бірлігі – менің тірлігім», «Ерінбегеннің еңбегі жанады, үйіне қызыр қонады», тағы сол сияқты аталы сөздер қалдырған.

 «Ауылына қарап, адамын таны» демекші қазақ өнерінің тарландары,  халық артистері Қанабек Байсейітов, Бикен Римова, жазушы- қағам қайраткері Кемел Тоқаевтай азаматтар да осы киелі жерде дүниеге келген. Аудан халқы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтай жерлестерін мақтаныш тұтады. 

         Осы қасиетті Қаратал жерінде  прокуратура қызметкерлері аудан көлемінде заңның мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында заңдылық пен құқық тәртібі қағидаттарын бекітуге өз үлестерін қосуда.

          Прокуратура саласында талай жылдар жұмыс істеп,  прокуратура органдарының дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосқан бүгінді таңда еңбектерінің зейнетін көріп, жас буын ұрпақтарға тәлім-тәрбие беріп, өздерінің мол тәжірибелерімен бөлісуден жалықпаған осы қасиетті Қаратал ауданында еңбек еткен ардагерлер бар арамызда.

         Әсіресе  ауданымызда прокурор болып бастап, Талдықорған, Алматы облысы, Алматы қаласының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, бүгінгі күнгі   зейнеткер- генерал Сәттібек Оңғарбайұлы Оңғарбаевты мақтанышпен айтамыз.

         Және де прокурорлар қатарында ұрпақтар сабақтастығы салтын өрбітіп, осы қасиетті өлкеде халқына адал қызметтерімен абыройға иеленген   аудан халқына танымал кәсіп иелеріне құрметімізді білдіреміз.

         Яғни, 10 жыл бойы  Қаратал аудандық  прокуратурасын басқарған Исабаев Қалымбет Исабайұлы атамыздың жолын оның қызы Исабаева Светлана Қалымбетқызы жалғастырып, прокуратура органдарында қызметін абыроймен атқарып, зейнетке шықса да, бүгінгі таңда облыстық прокуратураның ардагерлер кеңесін басқарып, жас мамандармен өзінің тәжірибесімен бөлісуде.

         Сонымен қатар, талай жылдар бойы Қаратал аудандық  прокуратурасын басқарып, 37 жыл бойы облысымыздың бірнеше аудандарында прокурор қызметін атқарған, прокуратураның құрметті қызметкері төс белгісінің иегері Рысдаулетов Әбдіқажым Әбілмәжінұлының бүгінгі күні осы салада баласы Мақсат қызмет етсе, Бүкіров Мұратбай Мадақметұлының баласы - Бақытжан және Нүсіпәлиев Асқар Қалиұлының  ұрпағы Дәурен облыстық прокуратурада абыраймен қызмет етуде.

Сондай-ақ,   бүгін арамызда жоқ болса да өз ісінің алғыры,  ақжарқын мінезімен көпшіліке белгілі болған кеше ғана арамыздан өткен Жансеркенов Қантай Оразиманұлыны қызы Назигүл де облыстық прокуратураның 4-ші басқармасының прокуроры болып еңбек етуде.   

Олардың жүріп өткен еңбек жолдары, бүгінгі таңда прокуратура органдарында қызмет етіп жүрген жас қызметкерлерге патриотизмнің, кәсібиліктің, таңдаған ісіне берілгендіктің үлгісі болуда.

         Мінеке, қасиетті өлкенің ұландары осындай болу керек.

 

Қаратал ауданы

прокурорының орынбасары                           

Ғ. Жұмаева     

Comments

Add new comment