Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокуроры тағайындалды

02 May 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың а.ж. 30 сәуіріндегі бұйрығымен Азамат Күреңкей Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокуроры болып тағайындалды.

Күреңкей А.Ж. 1988 жылы Алматы қаласында туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша және осы мамандық бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының магистратурасын бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2010 жылы Алматы қаласының Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Қызмет барысында Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі, осы прокуратураның бөлім бастығы, Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, Бас прокуратураның бөлім прокуроры, Алматы облысы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2019 жылдың ақпан айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының орынбасары болып тағайындалған.

Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокуроры тағайындалды - 921206029

Comments

Add new comment