Жетімнен заңсыз тартып алынған үйді прокурорлар қайтарып берді

24 December 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында азаматтармен жұмыс шеңберінде прокурорлар жетім балалардың құқықтарының бұзылу фактісін анықтады.

         2009 жылы Ескелді ауданының тұрғынының қайтыс болуына байланысты оның кәмелетке толмаған төрт баласы жақын туысқанына қомқоршылыққа берілген.

          2015 жылы жергілікті атқарушы органмен мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім балаларға пәтер берілген. Алайда, қамқорлыққа алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұза отырып, қамқоршы осы пәтерге өзінің қызын кіргізген, ал жетім балаларды асырауға және тұруға қалыпты жағдайы жоқ өзінің үйіне орналастырған.

         Осыған орай, жетім балалардың ішінен, кәмелетке толған үлкені Құқық қорғау қызметтері орталығына көмек сұрап келді.

         Прокурорлармен өтініш берушінің уәждері мұқият зерделенді, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен бірлесіп, қанағаттанарлықсыз деп танылған отбасылардың тұрғын үй тұрмыстық жағдайларына тексеріс жүргізілді. Көрсетілген балаларды асырауға ай сайын мемлекетпен беріліп отырған жәрдемақы қамқоршымен мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды.   

         Қабылданылған шаралармен жетім балалар мемлекетпен ұсынылған пәтерге кіргізіліп, бұрынғы қамқоршысы міндеттерін орындаудан босатылды, ал балалар кәмелетке толған әпкелерінің қамқорына берілді.

         Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғауға көмек көрсеткені үшін алғысын білдіре отырып, өтініш берушімен Бас Прокурордың атына алғыс хат жолданды.

         Азаматтардың өтініштерімен жұмыс аясында қабылданған нақты шаралардың ұқсас мысалдары аз еместігін атап өту қажет.

          Облыс прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығының азаматтардың құқықтарын қорғау және қалпына келтірудің тиімді құралына айналды.

           Ағымдағы жылы мұнда 2,7 мыңнан астам азаматтар өтініш берді, оның ішінде 1,8 мыңнан артығы прокурорлармен қабылданды.

            Орталықта күнделікті тәжірибелі прокурорлар қабылдау өткізеді, адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылары, пробация қызметінің және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері білікті және тегін құқықтық көмек көрсетеді.

            Осы жерде апта сайын облыс прокуроры, сонымен қатар ай сайын облыстық ведомстволардың бірінші басшылары азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.

Comments

Add new comment